Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2011.05.06 N 388 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 ақпандағы № 1149 Жарлығын орындау үшін, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, ауылдық округ әкімдерінің және тиісті сайлау комиссияларының ұсыныстарын қарап, Абай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін келесі мекен-жайлар белгіленсін:
Қарауыл ауылы – «Аға сұлтан» алаңындағы тақта;
Кеңгірбай би ауылы - «Әсем» тойханасының алды;
Көкбай ауылы - байланыс бөлімшесінің алды;
Құндызды ауылы – ауылдық клубтың алды;
Архат ауылы - «Жайтәй» тойханасының алды;
Орда ауылы - дәрігерлік пункттің алды;
Қасқабұлақ ауылы - «Ақниет» тойханасының алды;
Саржал ауылы - «Парасат» тойханасының алды;
Тоқтамыс ауылы - «Берік» тойханасының алды;
Медеу ауылы – «Жастар» саябағының алды;
2. Ауылдық округтердің әкімдері тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп, үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Сүлеймен
Келісілген:
Абай аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Т. Ерденбеков