Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2011.06.22 N 584 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бидайық ауылдық округінің Бидайық ауылында ірі қара малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бидайық ауылдық округінің Бидайық ауылында ірі қара малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес карантин режимін енгізе отырып, шектеу қойылсын.
2. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторына (А. Муканов, келісім бойынша), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (М. Будукова, келісім бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданының әкімінің орынбасары М. Төлегеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Мұхтарханов
Келісілді:
Аягөз аудандық аумақтық
ауыл шаруашылық инспекциясының
мемлекеттік ветеринарлық-
санитарлық бас инспекторы А. Муканов
11.04. 2011 ж.
Аягөз аудандық санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы М. Будукова
11.04.2011 ж.