Аягөз ауданының Бидайық ауылдық округінің Бидайық ауылына карантин режимін енгізу және шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 484 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 10 мамырда N 5-6-135 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 маусымдағы N 584 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2011.06.22 N  584 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бидайық ауылдық округінің Бидайық ауылында ірі қара малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бидайық ауылдық округінің Бидайық ауылында ірі қара малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес карантин режимін енгізе отырып, шектеу қойылсын.
      2. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторына (А. Муканов, келісім бойынша), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (М. Будукова, келісім бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданының әкімінің орынбасары М. Төлегеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Аудан әкімі                             Ә. Мұхтарханов 

      Келісілді: 

      Аягөз аудандық аумақтық
      ауыл шаруашылық инспекциясының
      мемлекеттік ветеринарлық-
      санитарлық бас инспекторы               А. Муканов

                                             11.04. 2011 ж.

      Аягөз аудандық санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                  М. Будукова

                                             11.04.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады