Аягөз ауданының Қопа ауылдық округінің Қопа ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 940 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 13 қаңтарда N 5-6-151 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012 жылғы 20 наурыздағы N 05/754 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012.03.20 N 05/754 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қопа ауылдық округінің Қопа ауылында ірі қара малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданының Қопа ауылдық округінің Қопа ауылында ірі қара малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторына (А. Мұқанов), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (Д. Жұмақанов) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданының әкімінің орынбасары М. Төлегеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                Ә. Мұхтарханов

      Келісілді:

      Аягөз аудандық аумақтық
      ауыл шаруашылық инспекциясының
      мемлекеттік ветеринариялық-
      санитариялық бас инспекторы                А. Мұқанов

                                                 23.12.2011 ж.

      Аягөз аудандық санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      Д. Жұмақанов

                                                 23.12.2011 ж.

Об установлении ветеринарного режима с введением ограничительных мероприятий в селе Копа Копинского сельского округа Аягозского района

Постановление акимата Аягозского района Восточно-Казахстанской области от 23 декабря 2011 года N 940. Зарегистрировано Управлением юстиции Аягозского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 13 января 2012 года за N 5-6-151. Прекращено действие по истечении срока, на который постановление было принято (письмо аппарата акима Аягозского района от 20 марта 2012 года № 05/754)

      Сноска. Прекращено действие по истечении срока, на который постановление было принято (письмо аппарата акима Аягозского района от 20.03.2012 № 05/754).

      Руководствуясь подпунктом 18) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года и подпунктом 9) пункта 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года, в связи со вспышкой заболевания бешенства среди крупного рогатого скота в селе Копа Копинского сельского округа, акимат Аягозского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить ветеринарный режим с введением ограничительных мероприятий в связи со вспышкой заболевания бешенства среди крупного рогатого скота в селе Копа Копинского сельского округа Аягозского района.
      2. Рекомендовать главному государственному ветеринарно-санитарному инспектору районной территориальной инспекции (А. Муканов), начальнику управления санитарно-эпидемиологического надзора района (Д. Жумаканов) организацию и проведение обязательных ветеринарных мероприятий с физическими и юридическими лицами.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Аягозского района М. Толегенова.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Аким района                                А. Мухтарханов

      Согласовано:

      Главный государственный
      ветеринарно-санитарный
      инспектор Аягозского района                А. Муканов

                                                 23.12.2011 г.

      Начальник управления
      санитарно-эпидемиологического
      надзора Аягозского района                  Д. Жумаканов

                                                 23.12.2011 г.