Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.11.23 N 9-3-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексін басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабының 5 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 14-10-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2008 жылғы 30 желтоқсанда № 5-8-71 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 2 (6264) санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексін басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»
нұсқаулықтың 1 бөлімінің 2 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы осы актіні қабылдау үшін құқықтық негіз болып табылады»
нұсқаулықтың 5 бөлімінің 10 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бір маманға жылына 7200 (Жеті мың екі жүз) теңге мөлшеріндегі есеппен тізімді жасап тапсырады және отын сатып алу үшін ақшалай қаражатты өтініш берушінің жеке шотына аударады».
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Хасенов
Аудандық
мәслихат хатшысы Б. Аргумбаев