"Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек төлеудің нұсқаулығын" бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 14-10-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 желтоқсанда N 5-8-71 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 23 қарашадағы N 9-3-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.11.23 N 9-3-V шешімімен.
      
      Ескерту. Мәтінде "тәртібі" сөзі алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексін басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2011.03.18 N 34-6-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз).
      1. «Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек төлеудің нұсқаулығы» (қосымша берілген) бекітілсін.
      2. Бородулиха аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 26-8 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің мамандарына отын сатып алу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2007 жылы 24 қаңтарда № 5-8-38 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 5(6259)санына жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
      
      
       Сессия төрағасы                               Ү. Эфендиев
      
       Аудандық мәслихат хатшысы                     Б. Аргумбаев

Бородулиха аудандық мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 14-10-IV шешімімен бекітілген

Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс
істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру білім беру, мәдениет және спорт
мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып
алуға арналған әлеуметтік көмек төлеудің
НҰСҚАУЛЫҒЫ
      
1. Жалпы ережелер

       1. Осы нұсқаулық жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарының отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмекті төлеуді, сондай-ақ шығындарын өтеуді реттейді.
      2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы осы актіні қабылдау үшін құқықтық негіз болып табылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2011.03.18 N 34-6-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз).

2. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша
жұмыстарды ұйымдастыру

      3. 45100400332 «Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарының отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасының әкімгері ретінде «Бородулиха ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.

3. Әлеуметтік төлемді тағайындау

      4. Әлеуметтік төлемдер селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына жылына бір рет ақшалай нысанда беріледі.
      5. Әлеуметтік көмектен үміткер адам «Бородулиха ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:
      1) Осы мекеменің мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығының атына ұйымнан өтініш;
      2) Ұйым басшысы және тұрғылықты жерін куәландыратын селолық округ әкімі бекіткен әлеуметтік көмек алуға құқығы бар мамандардың тізімі.
      6. Егер әртүрлі елді мекендерде тұратын мамандардың тізімін тапсырған жағдайда тұрғылықты жері сол селолық әкімдіктердің анықтамаларымен куәландырады.
      7. Осы нұсқаулық ықпал ететін екі және одан да көп адам бірге тұрса отын алуға арналған әлеуметтік көмек олардың әрқайсысына беріледі.
      8. Осы әлеуметтік көмек еңбекақысы сақталмайтын қосымша демалысты жүрген мамандарға, 3 жасқа дейінгі баласы бар аналарға да қолданылады.

4. Өтемақы төлеуді қаржыландыру

      9. Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмектің шығындарын қаржыландыру № 004 «Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарының отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

5. Төлемді іске асырудың көлемі

      10. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бір маманға жылына 7200 (Жеті мың екі жүз) теңге мөлшеріндегі есеппен тізімді жасап тапсырады және отын сатып алу үшін ақшалай қаражатты өтініш берушінің жеке шотына аударады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010.04.16 N 26-5-IV; 2011.03.18 N 34-6-IV шешімдерімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).

6. Есепке алуды, бақылау жасауды,
есеп беруді жүргізу

      11. Бір жолғы ақшалай төлемді төлеу бойынша есепке алу, бақылау жасау және есеп беру ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүктеледі.
      12. ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төлем төлеу аяқталғаннан кейін төленген сомалар бойынша екінші дәрежедегі банкпен салыстыру актісін жасайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады