Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2012.07.25 N 6-2/1 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағы 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының «Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 шілдедегі № 23-3/6 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 5-11-120 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2010 жылғы 9 қазандағы № 41 санында жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
ереженің 21 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Самарқанова
Аудандық мәслихат хатшысы Н. Бейсенов