"Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 29 шілдедегі № 23-3/6 шешімге өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2011 жылғы 16 маусымдағы N 31-3/1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 13 шілдеде N 5-11-137 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Зайсан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі N 6-2/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2012.07.25 N 6-2/1 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағы 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Зайсан аудандық мәслихатының «Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 шілдедегі № 23-3/6 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 5-11-120 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2010 жылғы 9 қазандағы № 41 санында жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      ереженің 21 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                         А. Самарқанова
 

      Аудандық мәслихат хатшысы               Н. Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады