Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Зайсан аудандық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Дайыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Дайыр ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Утебаев Акрамның есімі берілсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дайыр ауылдық
округінің әкімі Б. Балғабаев