Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 01.04.2013 N 1319 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына сәйкес, интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтiк қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамту үшiн, Катонқарағай аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Т. Рақышеваға жүктелсiн.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi А. Бекбосынов