РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Коробиха ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
1. Коробиха ауылындағы Советская көшесі – «Солнечная» көшесіне өзгертілсін.
2. Барлық ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – «Қабанбай атындағы» атауы;
№ 2 көшеге – «Абай атындағы» атауы;
№ 3 көшеге – «Абылайхан атындағы» атауы.
3. Үшбұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – «Абай атындағы» атауы;
№ 2 көшеге – «Үш-Бұлақ» атауы;
№ 3 көшеге – «Оралхан Бөкей атындағы» атауы.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Е. Качесоваға жүктелсiн.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округ әкiмi Д. Тоқпаев