Күршім ауданының Оң жақ Қалжыр ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 шілдедегі N 2176 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 16 тамызда N 5-14-132 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 2338 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2011.11.29 N 2338 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданының Қайнарлы ауылындағы ұсақ малдары арасында сарып ауруы шығуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Теректі ауылдық округінің әкіміне шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерді сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Күршім ауданы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы                  М. Қалелов
 

      Келісілді: 

      ҚР ДСММСЭҚК ШҚО
      департаментінің Күршім
      ауданы бойынша басқармасының
      бастығы                                    М. Садуакасова
                                                 26.07.2011 ж.

Об установлении ветеринарного режима в селе Право Усть Кальжир Курчумского района

Постановление акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 27 июля 2011 года N 2176. Зарегистрировано управлением юстиции Курчумского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 16 августа 2011 года за N 5-14-132. Утратило силу - постановлением акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 29 ноября 2011 года N 2338

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 29.11.2011 N 2338.

      В соответствии с подпунктом 18) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года и подпунктом 9) пункта 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года акимат Курчумского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить ветеринарный режим с введением ограничительных мероприятий в селе Право Усть Кальжир Курчумского района в связи с возникновением заболевания бруцеллеза среди мелкого рогатого скота.
      2. Рекомендовать районному управлению государственного санитарно-эпидемиологического надзора организовать исполнение физическими и юридическими лицами обязательных санитарно- эпидемиологических мероприятий.
      3. Поручить акиму Кальжирского сельского округа проводить ввоз на территорию и вывоз с режимной территории сельскохозяйственных животных, заготовку и реализацию продукции, сырья животного происхождения, организацию труда и другие административно- хозяйственные мероприятия с соблюдением правил, установленных законодательными актами Республики Казахстан в области ветеринарии.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Д. Альханова.
      5. Постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
 

      ВрИО акима
      Курчумского района                         М. Калелов
 

      Согласовано:

      Начальник УДКГСЭН МЗ РК по ВКО
      по Курчумскому району                      М. Садуакасова
                                                 26.07.2011 г.