Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2011.05.17 N 1066 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 1 «2011 жылғы 27 наурызда шығып қалған депуттардың орнына мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу туралы» шешіміне сәйкес Көкпектi ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Көкпекті ауданы мәслихатының № 6 Үлгілімалшы сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына үміткерлердің үгіттік материалдарын орналастыруға арналған орындар белгіленсін:
Үлгілімалшы ауылындағы мектеп ғимаратының жанында;
Нұра ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының жанында;
Сүлеймен ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының жанында;
Көкжайық ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.А. Кемербаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Д. Мусин
Келісілді:
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А. Әкімова
2011 жыл 14 наурыз