Ескерту. Күші жойылды (Ұлан ауданы әкімі аппаратының 2012.05.07 N 04/04-20-1940 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлан ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 405 "Ұлан ауданында тұратын азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-147 болып, № 32(7431) 7 мамыр 2011 жылы "Ұлан таңы" газетінде жарияланған) тіркелген қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының 1 қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданының әкімі Ж. Муратов
Келісілген:
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы Б. Саниязов
2011 ж. 03 маусым
"Ұлан ауданының
медициналық бірлестігі"
КМҚК директоры Ж. Бухатов
2011 ж. 03 маусым
Ұлан ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы А. Уалиев
2011 ж. 03 маусым
Ұлан ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 03 маусымдағы
№ 485 қаулысына 1 қосымша
2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті
мерзімді әскери қызметке шақыру кезіндегі аудандық комиссия
ҚҰРАМЫ
Бекежан Кайсанович Саниязов |
қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
Ержан Ерсаинович Ерсаинов |
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары |
Айгуль Кабдыгалиевна Абышева |
медициналық комиссия хатшысы, (келісім бойынша) |
Комиссия мүшелері: |
|
Елдос Кайратович Нуржанов |
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери міндеттілерді келісім шарт бойынша жинақтау және шақыру бөлімшесі бастығы (келісім бойынша) |
Айназар Калибекович Туменбаев |
ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Айткурман Ескенович Турганбаев |
ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы |
Сания Слямхановна Мухамеджанова |
медициналық комиссияның төрайымы аға терапевт-дәрігер (келісім бойынша) |
Ұлан ауданы әкімі
аппаратының басшысы А. Рамазанов