Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012.05.07 N 181 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес, Үржар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 208 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және төлеу нұсқаулығын бекіту туралы» қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 14 сәуір № 5-18-93 тіркелген, 2010 жылы сәуірдің 17 № 19-20 «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінде жарияланған) төмендегі толықтыру енгізілсін:
1) қаулының № 1 қосымшасы 7 тармағы «Өкпе ауруымен (тұрақты түрі) ауыратын азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының тізімі негізінде. Санаторийге бару, тексерілу және емдеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек - 3000 теңге жылына бір рет, тамақтануға - 9000 теңге тоқсан сайын беріледі» деген сөйлеммен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы С. Семеноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Қ. Байсинов