Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және төлеу нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 02 сәуірдегі N 208 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 14 сәуірде N 5-18-93 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 мамырдағы N 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012.05.07 N 181 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының 16 бабына, сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Үржар ауданы әкімдігінің 2010.06.01 № 347 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      1. Осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және төлеу» Нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемақылар төлеуді жүзеге асыратын комиссия құрамы бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Шоқаевқа жүктелсін.
      4. Қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Үржар ауданының әкімі                         Б. Жанақов

      Келісілді:
 
      «Үржар аудандық № 1 медициналық
      бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының директоры             Б. Мадрахимов
 
      01.04.2010 ж.

Үржар ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 02 сәуірдегі
№ 208 қаулысына 1 қосымша

«Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер
тағайындау және төлеу туралы»
Нұсқаулық

      Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Заңдарына сәйкес жасалды.
      Нұсқаулықтың іс-әрекеті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынастарға қолданылмайды.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Үржар ауданы әкімдігінің 2010.06.01 № 347 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

1. Жалпы ережелері

      1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі-әлеуметтік төлем) ақшалай төлемдер түрінде көрсетіледі. Әлеуметтік төлемнің түрлері мен мөлшері осы нұсқаулықпен белгіленеді. 2. Әлеуметтік төлем Үржар ауданында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұруға ыхтияр хаты бар адамдарға беріледі.
      3. Әлеуметтік төлем Үржар ауданының бюджетінен қаржыландырылады.
      4. Әлеуметтік төлем «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем» бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрі - бағдарлама) сәйкес осы қаржы жылында белгіленген мақсаттарға аудан бюджетінде қаралған шектерде беріледі, «Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме әкімшісі (бұдан әрі – Әкімшісі) болып табылады.

2. Әлеуметтік төлемді алу құқықтары

      5. Біржолғы әлеуметтік төлемді алуға құқылы:
      аз қамтылған отбасылар;
      жедел әлеуметтік төлемді мұқтаж ететін адамдар;
      отбасылар (онкологиялық, туберкулездік ауруды емдеу, операцияларды жасау, Қазақстан Республикасының аумағындағы ауруханаларға бару үшін және комиссия шешімімен белгіленетін басқадай жағдайларда), сондай-ақ мерекелік күндерде азаматтардың жеке санаттарына.

3. Азаматтардың жеке санаттарына біржолғы
әлеуметтік төлемдерді тағайындау

      6. Әлеуметтік төлем отбасына (азаматқа) жеке жазбаша берілген өтініші бойынша жылына бір рет материалдық көмек түрінде беріледі.
      7. Біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әр бір жағдайда аудандық комиссияның шешімі бойынша 5000 (бес мың) теңгеден 30 000 (отыз мың) теңгеге дейін белгіленеді.
      Өкпе ауруымен (тұрақты түрі) ауыратын азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының тізімі негізінде.
      Санаторийге бару, тексерілу және емдеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек - 3000 теңге жылына бір рет, тамақтануға - 9000 теңге тоқсан сайын беріледі.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - Үржар ауданы әкімдігінің 2011.03.01 № 106 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Аудандық комиссия әлеуметтік көмекті беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
      9. Азаматтардың өтініштері төмендегі құжаттарды ұсынған кезде аудандық комиссия отырысында қаралады:
      өтініш берушінің жеке бас куәлігінің көшірмесі,
      өтініш берушінің тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі,
      отбасының тұрмыс жағдайы жөнінде әлеуметтік картасы (тұрғылықты жері бойынша учаскелік комиссиямен жасалған);
      әлеуметтік көмекті мұқтаж ететінін растайтын басқа құжаттар (емделу туралы медициналық мекеменің қорытындысы, операцияның бағасы, медициналық тексеру т.б.).
      10. Әлеуметтік төлем бағдарлама әкімшісімен «Қазпошта» АҚ бөлімшесімен тағайындалған сомаларды аудару арқылы төленеді.

4. Мерекелік күндерге азаматтардың жеке санаттарына
біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау

      11. Біржолғы әлеуметтік төлемдер мерекелік күндерде азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
      1) Жеңіс күніне - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; Ұлы Отан соғысының қайтыс болған (қайтыс болған, хабарсыз жоғалып кеткен) әскери қызметшілерінің қайталап тұрмыс құрмаған жесір әйелдеріне; мәртебелі Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, оларға теңелген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңының 68, 9баптарымен белгіленген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңелген адамдарға, 1941 жылдың 22 маусымына 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне;
      2) Балаларды қорғау күніне мен жаңа жыл шыршасын мерекелеуге: он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасыларға;
      3) Халықаралық қарт адамдар (1 қазан) мен мүгедектер күніне (10 қазан):
      жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге;
      мүмкіндігі шектеулі балаларға;
      ардагерлер белсенділеріне.
      12. Мерекелік күндерге әлеуметтік төлемнің мөлшері азаматтардың жеке санаттарына тізімделген адам санына сәйкес 2000 (екі мың) теңгеден кем емес және 25000 (жиырма бес мың) теңгеден жоғары емес болуға тиіс.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Үржар ауданы әкімдігінің 2011.04.18 № 209 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Әкімшісі Үржар ауданының өкілетті органдары мен ауылдық округтарының әкімдерімен ұсынылған тізімдер негізінде Нұсқаулықтың 4 тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімін жасайды.
      14. Үржар ауданының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеуге жауапкершілік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.
      15. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемді көрсетуге бөлінген бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануына бақылау жасауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.
      
      Аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                               С. Семенова

Үржар ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 02 сәуірдегі
№ 208 қаулысына № 2 қосымша

Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік
төлемдерді тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын
аудандық комиссияның құрамы

Комиссия төрағасы:

Шоқаев С.Ж.

аудан әкімінің орынбасары

Комиссия төрағасының орынбасары:

Семенова С.В.

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы

Комиссия хатшысы:

Сүбебаева А.Ж.

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әкімшілік бөлімшесінің меңгерушісі

Комиссия мүшелері:

Мадрахимов Б.А.

"Үржар аудандық № 1 медициналық бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісімі бойынша)

Щуцкий В.В.

Үржар ауылдық округі әкімінің орынбасары

Гончарова Л.К.

жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі

Құрманбаева К.Қ.

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі

Сағатбекова С.Қ.

аудан әкімінің кеңсе бөлімінің жетекші маманы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады