РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 182 бабы 3 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 8 шілдедегі № 6-69-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5-18-67, аудандық «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінің 2008 жылғы 16 тамыздағы № 35 санында жарияланған) шешімге келесі өзгеріс енгізілсін:
1) Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу Нұсқаулығының 2 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Жыл сайынғы бір жолғы әлеуметтік көмек 5 (бес) АЕК (айлық есептік көрсеткіш) ақшалай төлем мөлшерінде көрсетіледі.».
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Сеитқанов |
Үржар аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | М. Бітімбаев |