"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 8 шілдедегі № 6-69-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 тамызда N 30-325-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 23 қыркүйекте N 5-18-129 тіркелді. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 шілдедегі N 4-41/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012.07.09 N 4-41/V шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 182 бабы 3 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 8 шілдедегі № 6-69-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5-18-67, аудандық «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінің 2008 жылғы 16 тамыздағы № 35 санында жарияланған) шешімге келесі өзгеріс енгізілсін:
      1) Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу Нұсқаулығының 2 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      «Жыл сайынғы бір жолғы әлеуметтік көмек 5 (бес) АЕК (айлық есептік көрсеткіш) ақшалай төлем мөлшерінде көрсетіледі.».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Сеитқанов
      Үржар аудандық
      мәслихаттың хатшысы М. Бітімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады