Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011.12.15 N 3170 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын басшылыққа алып, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласы бойынша 2011 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы N 586 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-207 тіркелген, 2011 жылғы 19 мамырдағы "Жайық үні" газетінде N 20 және 2011 жылы 19 мамырдағы "Пульс города" газетінде N 20 жарияланған) келесі толықтырулар енгізілісін:
көрсетілген қаулының қосымшасы "Орал қаласы бойынша 2011 жылы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда және қоғамдық бірлестіктерде нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдарының тізбесі" мынандай мазмұндағы нөмірлері реттік 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65 жолдармен толықтырылсын:
"57. Орал қаласы әкімдігінің Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Көп салалы мемелекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорны;
58. Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көркем Орал" (шаруашылық жүргізу құқығындағы) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
59. "Теміржолсу-Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
60. "АКЕLА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
61. "Шаңырақ" пәтер иелері тұтыну кооперативі;
62. "МУРКЕР" пәтер иелерінің кооперативі;
63. Надыршина Оксана Алексеевна жеке кәсіпкер;
64. Турсынова Ляна Алексеевна жеке кәсіпкер;
65. Бисенгалиева Айнагуль Тулегеновна жеке кәсіпкер.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. С. Сафималиевке жүктелсін.
Қала әкімі С. Оразов