Орал қаласы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 3170 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 қантарда № 7-1-226 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 3193 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012.12.13 № 3193 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа алып, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылсын.
      2. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012.05.31 № 1238 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Орал қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласы бойынша 2011 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы № 586 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-207 тіркелген, 2011 жылғы 19 мамырдағы "Жайық үні" газетінде № 20 және 2011 жылғы 19 мамырдағы "Пульс города" газетінде № 20 жарияланған) қаулысы;
      2) Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласы бойынша 2011 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 9 қыркүйектегі № 2137 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-213 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазандағы "Жайық үні" газетінде № 41 және 2011 жылғы 14 қазандағы "Пульс города" газетінде № 41 жарияланған) қаулысы.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. С. Сафималиевке жүктелсін.

      Қала әкімі                       С. Оразов

Орал қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 3170 қаулысымен
бекітілді

Өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке
сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыратын жұмыс берушілердің
тізбесі

      Ескерту. Қосымша алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2012.05.31 № 1238 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады