Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 16.02.2015 N 99 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылғы 18 сәуірдегі N 183 "Бөрлі ауданы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы" Бөрлі ауданының әкімдігінің қаулысына (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде N 7-3-111 тіркелді, 2011 жылғы 25 маусымда N 50 аудандық "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1. тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"1. Бөрлі ауданының келесі адамдары үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін:".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сидыққа жүктелсін.
Аудан әкімі Б. Шакимов