Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 16.02.2015 N 99 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөрлі ауданының келесі адамдары үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2011.12.01 N 1019 Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сидыққа жүктелсін.
Аудан әкімі Б.Шакимов