Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2011.04.15 N 168 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 18 тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып және Зеленов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылғы 11 қаңтардағы N 1-11-03 ұсынысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зеленов ауданы Первосовет ауылдық округінің Первосовет ауылына иттер арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Ибрагимовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Ғ. Қапақов