Зеленов ауданы Первосовет ауылдық округінің Первосовет ауылына карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдінің 2011 жылғы 11 ақпандағы N 51 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 наурызда N 7-7-125 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі N 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2011.04.15 N 168 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 18 тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып және Зеленов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылғы 11 қаңтардағы N 1-11-03 ұсынысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеленов ауданы Первосовет ауылдық округінің Первосовет ауылына иттер арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Ибрагимовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                      Ғ. Қапақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады