Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011.12.30 № 355 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және "Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 2/325 хатына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тасқала ауданы әкімдігінің "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы № 69 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-139 тіркелген, 2011 жылғы 27 мамырда "Екпін" газетінің № 21 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасына сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамына енгізілсін:
Габдуллин Абай Мұстафаұлы - Тасқала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Сахметов Абай Жакиұлы – Тасқала ауданы ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан А. Ә. Жұбанышқалиев, М. Е. Ихласов шығарылсын;
аудандық шақыру комиссиясының резервтік құрамына енгізілсін:
Сатаев Жұмабай Аспендиярұлы - Тасқала ауданының қорғаныс Бөлімі бастығының орынбасары-жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан М. Қ. Дарменов шығарылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
Аудан әкімі Ө. Мырзағалиев
КЕЛІСІЛДІ:
Тасқала ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімнің
бастығы
_____________А. Габдуллин
15.07.2011 ж.
Тасқала ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы
_____________С. Изимов
15.07.2011 ж.