2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 69 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 сәуірде № 7-11-139 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 355 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011.12.30 № 355 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Әскери қызметке шақыру кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын. Аудандық шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
      4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды көрсетілген мерзімде оларды шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етуді және оларды дер кезінде аудандық шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
      5. "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) медициналық қызметкерлермен, дәрi-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық құралдармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңіне есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз етсін.
      7. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Тасқала ауданының Ішкі Істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту және кетуі кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Тасқала ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) "Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскер қатарына шақырушылар мен әскери міндеттілердің тегі, аты және әкесінің аты өзгергендігі жөнінде, сонымен қатар қайтыс болғандықтары жөнінде мәлімет беру ұсынылсын.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Ө. Мырзағалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Тасқала аудандық орталық
      ауруханасының директоры
      _____________Т. Қалибеков
      31.03.2011 ж.

      Тасқала ауданының әділет
      басқармасы бастығы
      _____________Қ. Тасқалиева
      31.03.2011 ж.

      Тасқала ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің
      бастығы
      _____________А. Жұбанышқалиев
      31.03.2011 ж.

      Тасқала ауданының ішкі
      істер бөлімінің бастығы
      _____________С. Изимов
      31.03.2011 ж.

Тасқала ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 69 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011.07.15 № 166 Шешімімен.

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

      Габдуллин Абай Мұстафаұлы    - Тасқала ауданының
                                     қорғаныс істері
                                     жөніндегі бөлімінің
                                     бастығы, комиссия
                                     төрағасы (келісім
                                     бойынша)

      Шынбаев Қанатқали Қажыбайұлы – аудан әкімі аппаратының
                                     құжаттамамен қамтамасыз
                                     ету және қаржы-
                                     шаруашылығы бөлімінің
                                     азаматтық қорғаныс және
                                     төтенше жағдайлар
                                     жөніндегі бас маманы,
                                     комиссия төрағасының
                                     орынбасары

Комиссия мүшелері

      Сахметов Абай Жақиұлы        – аудандық ішкі істер
                                     бөлімі бастығының
                                     орынбасары (келісім
                                     бойынша)

      Кенжешева Гүлсайран Әлиқызы  – Тасқала аудандық орталық
                                     аурухана директорының
                                     орынбасары, медициналық
                                     комиссияның төрағасы
                                     (келісім бойынша)

      Алдабергенова Гүлжан         - Тасқала аудандық орталық
      Рахметқызы                     аурухананың медбикесі,
                                     комиссия хатшысы
                                     (келісім бойынша)

Аудандық шақыру комиссиясының резервтік құрамы

      Сатаев Жұмабай Аспендиярұлы  - Тасқала ауданының
                                     қорғаныс істері
                                     жөніндегі бөлімінің
                                     бастығының орынбасары,
                                     комиссия төрағасы
                                     (келісім бойынша)

      Алиев Халық Серікұлы         – аудан әкімі аппаратының
                                     құжаттамамен қамтамасыз
                                     ету және қаржы-
                                     шаруашылығы бөлімінің
                                     меңгерушісі, комиссия
                                     төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері

      Есентаев Ерлан Есентайұлы    – аудандық ішкі істер
                                     бөлімінің аға учаскелік
                                     инспекторы (келісім
                                     бойынша)

      Дүйсекешева Нүрия Мадиқызы  – Тасқала аудандық орталық
                                    ауруханасының
                                    жасөспірімдер дәрігері,
                                    медициналық комиссияның
                                    төрағасы (келісім
                                    бойынша)

      Айтжанова Нұрсұлу Мулатқызы - Тасқала аудандық орталық
                                    аурухананың медбикесі,
                                    комиссия хатшысы
                                    (келісім бойынша)

Аудандық медициналық комиссия құрамы

      Медициналық комиссияның төрағасы - Тасқала аудандық орталық аурухана директорының орынбасары

      Дәрігер-мамандар:
      1. Терапевт дәрігері
      2. Хирург дәрігері
      3. Стоматолог дәрігері
      4. Отоларинголог дәрігері
      5. Офтальмолог дәрігері
      6. Дерматолог дәрігері
      7. Психиатр дәрігері
      8. Рентгенолог дәрігері
      9. Фтизиатр дәрігері
      10. Невропатолог дәрігері

Тасқала ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 69 қаулысымен бекітілген

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

Ауылдық округтердің атаулары

Комиссияның жұмыс күндері

2011 жылғы сәуір-маусым айлары

2011 жылғы қазан-желтоқсан айлары

1

Ақтау ауылдық округі

01.04-04.04

01.10-04.10

2

Амангелді ауылдық округі

01.04-04.04

01.10-04.10

3

Достық ауылдық округі

05.04-06.04

05.10-06.10

4

Қазақстан ауылдық округі

05.04-06.04

05.10-06.10

5

Қосшы ауылдық округі

07.04-08.04

07.10-08.10

6

Мерей ауылдық округі

07.04-08.04

07.10-08.10

7

Мереке ауылдық округі

11.04-12.04

13.10-14.10

8

Тасқала ауылдық округі

11.04-22.04

15.10-21.10

9

Шежін ауылдық округі

01.04-04.04

13.10-14.10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады