Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, ШЕШЕМІН:
1. Мерей ауылдық округінің кейбір елді-мекендеріндегі келесі көше атттары өзгертілсін:
1) Мерей ауылы бойынша:
Центральная көшесі – "И.Тайманов" атыңдағы көшесіне;
Советская көшесі – "Д.Қонаев" атындағы көшесіне;
40-лет Победы көшесі – "Жеңіс" көшесіне;
Набережная көшесі –"Жылысай" көшесіне;
2) Айнабұлақ ауылы бойынша:
Чапаев көшесі –"Азат" көшесіне;
Северная көшесі –"Көк терек" көшесіне;
Родниковая көшесі – "Бұлақты" көшесіне;
3) Өркен ауылы бойынша:
Рабочая көшесі – "Еңбекшілер" көшесіне;
Зерновая көшесі – "Ақбидай" көшесіне;
Октябрьская Революция көшесі - Бейбітшілік көшесіне;
4) Аққайнар ауылы бойынша:
Школьная көшесі – "Сарбаздар" көшесіне;
Кооперативная көшесі – "Бірлік" көшесіне;
Новостройка көшесі – "Өркен" көшесіне.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мерей ауылық
округнің әкімі Қ.Тәшімов