Мерей ауылдық округінің кейбір елді-мекендеріндегі көше аттарын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Мерей ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 18 мамырдағы N 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2011 жылғы 7 маусымда N 7-11-141 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, ШЕШЕМІН:
      1. Мерей ауылдық округінің кейбір елді-мекендеріндегі келесі көше атттары өзгертілсін:
      1) Мерей ауылы бойынша:
      Центральная көшесі – "И.Тайманов" атыңдағы көшесіне;
      Советская көшесі – "Д.Қонаев" атындағы көшесіне;
      40-лет Победы көшесі – "Жеңіс" көшесіне;
      Набережная көшесі –"Жылысай" көшесіне;
      2) Айнабұлақ ауылы бойынша:
      Чапаев көшесі –"Азат" көшесіне;
      Северная көшесі –"Көк терек" көшесіне;
      Родниковая көшесі – "Бұлақты" көшесіне;
      3) Өркен ауылы бойынша:
      Рабочая көшесі – "Еңбекшілер" көшесіне;
      Зерновая көшесі – "Ақбидай" көшесіне;
      Октябрьская Революция көшесі - Бейбітшілік көшесіне;
      4) Аққайнар ауылы бойынша:
      Школьная көшесі – "Сарбаздар" көшесіне;
      Кооперативная көшесі – "Бірлік" көшесіне;
      Новостройка көшесі – "Өркен" көшесіне.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мерей ауылық
      округнің әкімі                             Қ.Тәшімов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады