Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының "Мадақтаулардың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2011 жылғы 25 тамыздағы № 175-ОД Бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының м.а. 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 10-ОД Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 ақпанда № 7436 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 3 қарашадағы № 444 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2017 № 444 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағы 16-1) тарамақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының міндетін атқарушысы "Мадақтаулардың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2011 жылғы 25 тамыздағы № 175-ОД Бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7217 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 13 қазандағы № 493 (26885) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мадақтаулардың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығында:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер ресурстарын басқару бойынша орталық уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган), жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жер қатынастары саласының жұмысшыларын (бұдан әрі – жер қатынастары саласының қызметкерлері) марапаттау рәсімін реттейді.";

      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Марапаттаулар жер қатынастары саласының қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.";

      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Жер қатынастары саласының қызметкерлерін марапаттау мақсатында марапаттаудың келесі түрлері бекітіледі:

      1) Осы нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес "Құрметті жерге орналастырушы" төс белгісі;

      2) Осы нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес "Құрметті геодезист" төс белгісі;

      3) Осы нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес "Құрметті картограф" төс белгісі;

      4) "Үздік жерге орналастырушы" Құрмет дипломы;

      5) "Үздік геодезист" Құрмет дипломы;

      6) "Үздік картограф" Құрмет дипломы.";

      2-тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Төс белгімен мараппатау шарттары";

      4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. "Құрметті жерге орналастырушы:" төс белгісімен жерге орналастыру саласын дамытуға ерекше үлес қосқан жер қатынастары саласының қызметкерлері марапатталады:

      1) елдің жерге орналастыру саласындағы көп жылдық еңбегі және саланың дамуына қосқан жеке үлесі үшін;

      2) жерге орналастыру қызметін жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін;

      3) жерге орналастыру қызметінде инновациялық технологияларды енгізгені үшін.";

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. "Құрметті геодезист" төс белгісімен геодезия саласын дамытуға ерекше үлес қосқан жер қатынастары саласының қызметкерлері марапатталады:

      1) елдің геодезия саласындағы көп жылдық еңбегі және саланың дамуына қосқан жеке үлесі үшін;

      2) гоедезия қызметін жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін;

      3) геодезия қызметінде инновациялық технологияларды енгізгені үшін.";

      6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6. "Құрметті картограф" төс белгісімен карторафия саласын дамытуға ерекше үлес қосқан жер қатынастары саласының қызметкерлері марапатталады:

      1) елдің картография саласындағы көп жылдық еңбегі және саланың дамуына қосқан жеке үлесі үшін;

      2) картография қызметін жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін;

      3) картография қызметінде инновациялық технологияларды енгізгені үшін.";

      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Төс белгілерімен жер қатынастары жүйесінде бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар жер қатынастары саласының қызметкерлері марапатталады.";

      3-тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Құрмет дипломдарымен марапаттау шарттары";

      11-тармақ келесі редацияда жазылсын:

      "11. "Үздік жерге орналастырушы" құрмет дипломымен жер қатынастары саласындағы мінсіз еңбегі үшін, қызметтік міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін жерге орналастыру саласының қызметкерлері марапатталады.";

      12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "12. "Үздік геодезист" құрмет дипломымен жер қатынастары саласындағы мінсіз еңбегі үшін, қызметтік міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін геодезия саласының қызметкерлері марапатталады.";

      13-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "13. "Үздік картограф" құрмет дипломымен жер қатынастары саласындағы мінсіз еңбегі үшін, қызметтік міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін картография саласының қызметкерлері марапатталады.";

      14-тармақ келесі редакцияда өзгертілсін:

      "14. Құрмет дипломдарымен осы салада кемінде үш жыл еңбек өтілі бар жер қатынастары саласының қызметкерлері марапатталады.";

      18-тармақ келесі редакцияда өзгертілсін:

      "18. Осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көрсетілген құжаттар Уәкілетті органға кемінде жартыжылда бір рет ағымдағы жылдың 1 сәуіріне және 1 тамызға дейін бағытталуы тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқарамсы аталған бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі мен Геодезия, картография және геодезиялық қадағалау департаменттері аталған бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен соң, ресми жариялауын қамтамасыз ету.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Жауапты хатшысы А.З. Икранбековке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

Қазақстан Республикасы


Жер ресурстарын басқару агенттігі


Төрағасының міндетін атқарушы

К. Раймбеков


О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 25 августа 2011 года № 175-ОД "Об утверждении Инструкции об отраслевой системе поощрения"

Приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 20 января 2012 года № 10-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 февраля 2012 года № 7436. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 ноября 2017 года № 444.

      Сноска. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 03.11.2017 № 444 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 16-1) пункта 1 статьи 14 Земельного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 25 августа 2011 года № 175-ОД "Об утверждении Инструкции по отраслевой системе поощрения" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7217, опубликованный 12 октября 2011 года "Казахстанская правда" № 326 (26717)) следующие изменения:

      в наименование и в пункт 1 внесено изменение в тексте на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в Инструкции по отраслевой системе поощрения, утвержденной указанным приказом:

      в наименование и в пункты 1, 2, 3, 4, 5, 6, 11, 12, 13 внесено изменение в тексте на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Нагрудными знаками награждаются работники отрасли земельных отношений, имеющие стаж работы в системе земельных отношений не менее пяти лет.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Почетными дипломами награждаются работники отрасли земельных отношений, имеющие стаж работы в данной сфере не менее трех лет.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Документы, указанные в пункте 16 настоящей Инструкции, направляются в Уполномоченный орган один раз в полугодие - до 1 апреля и до 1 августа текущего года.".

      2. Управлению правового обеспечения Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту геодезии, картографии и геодезического контроля совместно с Департаментом государственного контроля за использованием и охраной земель и государственного кадастра Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами обеспечить официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами Икранбекова А.З.

      5. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности Председателя


Агентства Республики Казахстан


по управлению земельными ресурсами

К. Раймбеков