Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.03.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 116-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары бекітілсін.
2. Әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті осы бұйрықты Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің назарына жеткізсін.
3. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықты аумақтық органдардың назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Н. Қаппаров |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-ө бұйрығымен бекітілген |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 05.02.2016 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары, (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 116-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес әзірленген және мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарының лауазымды адамдарына жатқызу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.02.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Комитеттің және оның аумақтық органдарының лауазымды адамдарының санаттарына жатқызу мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам тағайындалған кезде анықталады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын жатқызу тәртібі
3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:
Комитет төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының басшысы және бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.