Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 177-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 10 наурыздағы № 74 Бұйрығымен бекітілген |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 177-бабының 2-тармағына, сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
2) мемлекеттік экологиялық бақылау – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы экология заңнамасының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын өз құзыреті шегінде сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызмет.
2-тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органныңмемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды жатқызу тәртібі
3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қызметке тағайындау және қызметтен босату "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Азаматтарды мемлекеттік лауазымдарға тағайындауды және мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік лауазымдардан босатуды лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адам (орган) не өзіне осындай өкілеттіктер берілген өзге де лауазымды адам (орган) жүзеге асырылады, осы өкілеттіктер Заңның 30-бабындағы 1-тармағына сәйкес.
5. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар, Комитеттің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылады,.
6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі мемлекеттік экологиялық бақылау болып табылады.
7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын осы қағидалардың 8-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
8. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:
1) Комитет төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
2) Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын:
мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының басшысы;
Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары;
Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының бас сарапшылары;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары, болып табылатын:
Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары;
Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының сарапшылары;
5) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары;
6) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын:
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары;
7) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын:
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары;
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары;
Бұйрыққа қосымша Министр экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 10 марта 2022 года № 74 |
Күші жойылған кейбір бұрықтардың тізбесі
1. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-Ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7467 болып тіркелген).
2. "Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын және нысанды киім (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы" және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 304-Ө бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8079 болып тіркелген).
3. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 7-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9165 болып тіркелген).
4. "Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 731 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12927 болып тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 38 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13435 болып тіркелген).
6. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 72 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14923 болып тіркелген).