Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 28 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 наурызда № 7476 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары бекітілсін.
      2. Мына қаулылардың:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 188 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4858 тіркелген, 2007 жылғы 14 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 141 (1170) жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 188 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 276 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5097 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко 

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 13 ақпандағы  
№ 28 қаулысымен бекітілген

Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының
инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді
жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялау қағидалары

      1. Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі мен мерзімін айқындайды.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы құралдарының атауы мен санын, сондай-ақ осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы сомасына осы қаржы құралдарындағы инвестициялар мөлшерінің пайыздық қатынасын көрсете отырып, зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан әр инвестициялық портфелдің құрылымы түрі туралы мәліметті мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы мәліметті жариялау үшін кемінде он бес мың дана таралыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарын пайдаланады және (немесе) көрсетілген ақпаратты осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін интернет-ресурсында орналастырады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы деректерді жариялау (орналастыру) үшін пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорлары Заңның 29-бабында көзделген зейнетақы қағидаларына енгізеді.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің құрылымы туралы мәліметтерді жариялау үшін пайдаланатын интернет-ресурсының сервері өткізгіштік қабілеті 20 Mbit/sec кем емес болатын байланыс арнасы бойынша Интернет желісіне қосылады. Интернет желісіне қосылу үшін деректерді беру жылдамдығы 128 Kbit/sec болатын байланыс арнасын пайдаланатын Интернет желісі пайдаланушының интернет-ресурсының кез келген парағын іске қосу уақыты парақты графикамен және басқа элементтермен толтыруына қарай 10 секундтан көп болмайды.
      Интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру күні мен уақыты көрсетіледі, сондай-ақ олардың әрдайым сақталуы қамтамасыз етіледі.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан әр инвестициялық портфелдің құрылымы түрі туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмейтін мерзімде жарияланады (орналастырылады).
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан әр инвестициялық портфелдің құрылымы түрі туралы мәліметтердегі деректер тиісті есепті күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша ұлттық валюта - теңгеде көрсетіледі.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен әр инвестициялық портфелінің құрылымы түрі туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялау (орналастыру) үшін пайдаланған бұқаралық ақпарат құралдарын көрсете отырып, растайтын құжаттардың қосымшаларымен бірге осы Қағидалардың 2 және 5-тармақтарын орындау жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне береді.

Зейнетақы активтер есебінен   
жинақтаушы зейнетақы қорының  
инвестициялық портфелінің     
құрылымы туралы мәліметтерді  
жинақтаушы зейнетақы қорларының
бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялау қағидаларына қосымша 

Нысан

«___» «_________» 20___ жылғы жағдай бойынша

зейнетақы активтері есебінен қалыптасқан
______________________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
___________________________инвестициялық портфелінің құрылымы
(инвестициялық портфелдің түрі)                                    

Эмитенттің атауы және қаржы құралының түрі

Қаржы құралының сәйкестендіргіші

Номиналды құнның (базалық активтің) валютасы

Рейтинг

Өтеу күні

Саны

Ағымдағы құн

Үлес салмақ

Ескерту

инвестициялық портфелден

зейнетақы активтерінен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















      Кестені толтыру бойынша түсініктемелер:
      1-бағанда қаржы құралы эмитентінің толық атауы және оның түрі (оның ішінде, «кері репо» операциясы нәтижесінде алынған бағалы қағаз, тазартылған бағалы металл, туынды қаржы құралы, банк депозиті және т.б.) көрсетіледі.
      2-бағанда бағасы белгіленетін қаржы құралдарының қысқаша атауы (бірегей сәйкестендіргіші), сондай-ақ қаржы құралының Ұлттық сәйкестендіру коды (ӨСК), Халықаралық сәйкестендіру коды (International Securities Identification Number - ISIN) не банк депозитін ашу шартының нөмірі көрсетіледі.
      3-бағанда номиниирленген қаржы құралының «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» 07 ИСО 4217-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валюта коды не туынды қаржы құралы бойынша базалық актив болып табылатын валюта коды көрсетіледі.
      4-бағанда борыштық бағалы қағаздардың бағалы қағаздың рейтингтік бағасы, эмитент (банк) акцияларының (банк салымының) рейтингі не қарсы әріптестің туынды қаржы құралының рейтингі, сондай-ақ рейтингтік бағаны берген рейтингтік агенттіктің атауы көрсетіледі. Екі және одан да көп рейтингтік баға болған жағдайда соңғы берілген рейтингтік баға көрсетіледі. Халықаралық рейтингтік агенттіктердің (Standard & Poors, Moody's Investors Service, Fitch Ratings) рейтингтік бағалары болған жағдайда осы рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалары көрсетіледі.
      5-бағанда шығарылым (мәміле/шарт) талаптарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың («кері репо» операциясы немесе банк салымы немесе туынды қаржы құралы) «Күні/айы/жылы» форматта өтеу (жабу) күні көрсетіледі; үлестік және өзге мерзімсіз бағалы қағаздар үшін осы баған толтырылмайды.
      6-бағанда қаржы құралдарының саны дана түрінде көрсетіледі.
      7-бағанда есептелген сыйақыны есептегенде, қаржы құралдарының құнсыздануын есепке ала отырып, есепті күндегі олардың ағымдағы жиынтық сомасы мың теңгемен көрсетіледі.
      8-бағанда зейнетақы активтер есебінен қалыптасқан инвестициялық портфелдің (орташа немесе консервативті) ағымдағы құнының қаржы құралының үлес салмағы пайызбен, үтірден кейінгі екі мәнге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
      9-бағанда зейнетақы активтерінің ағымдағы құнынан қаржы құралының үлес салмағы пайызбен, үтірден кейінгі екі мәнге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
      10-бағанда қаржы құралдарымен жасалатын мәміленің мәнін нақтылайтын қаржы құралдары туралы қосымша ақпарат көрсетіледі (мәселен, бағалы қағаз «кері репо» операциясы нәтижесінде алынған болса, осы бағанда тиісті белгі жасалады).  

Об утверждении Правил публикации накопительными пенсионными фондами сведений о структуре инвестиционного портфеля накопительного пенсионного фонда за счет пенсионных активов в средствах массовой информации

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 февраля 2012 года № 28. Зарегистрировано в Министерстве юстиции 19 марта 2012 года № 7476. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 октября 2014 года № 196

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 196.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 декабря 2011 года «О внесении изменений и дополнений в законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности и финансовых организаций в части минимизации рисков» Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила публикации накопительными пенсионными фондами сведений о структуре инвестиционного портфеля накопительного пенсионного фонда за счет пенсионных активов в средствах массовой информации.
      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 июня 2007 года № 188 «Об утверждении Правил представления агрегированных отчетов накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, а также их публикации в средствах массовой информации» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4858, опубликованное 14 сентября 2007 года в газете «Юридическая газета» № 141 (1344));
      2) постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 24 декабря 2007 года № 276 «О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 июня 2007 года № 188 «Об утверждении Правил представления агрегированных отчетов накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, а также их публикации в средствах массовой информации» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5097).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко

Утверждены         
постановлением Правления  
Национального Банка    
Республики Казахстан   
от 13 февраля 2012 года № 28

Правила
публикации накопительными пенсионными фондами сведений о
структуре инвестиционного портфеля накопительного пенсионного
фонда за счет пенсионных активов в средствах массовой
информации

      1. Правила публикации накопительными пенсионными фондами сведений о структуре инвестиционного портфеля накопительного пенсионного фонда за счет пенсионных активов в средствах массовой информации (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июня 1997 года «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» (далее - Закон) и определяют порядок и сроки публикации накопительными пенсионными фондами сведений о структуре инвестиционного портфеля накопительного пенсионного фонда за счет пенсионных активов в средствах массовой информации.
      2. Накопительный пенсионный фонд публикует в средствах массовой информации сведения о структуре каждого вида инвестиционного портфеля, сформированного за счет пенсионных активов, на государственном и русском языках с указанием наименования и количества финансовых инструментов, а также процентного соотношения размера инвестиций в данные финансовые инструменты к общей сумме пенсионных активов накопительного пенсионного фонда, по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      3. Для публикации сведений о структуре инвестиционного портфеля, сформированного за счет пенсионных активов, накопительный пенсионный фонд использует периодические печатные издания, выпускаемые тиражом не менее пятнадцати тысяч экземпляров и распространяемые на всей территории Республики Казахстан, и (или) размещает указанную информацию на интернет-ресурсе, соответствующем требованиям, установленным пунктом 4 Правил.
      Сведения о средствах массовой информации, используемых накопительным пенсионным фондом для публикации (размещения) данных о структуре инвестиционного портфеля, сформированного за счет пенсионных активов, включаются накопительным пенсионным фондом в пенсионные правила, предусмотренные статьей 29 Закона.
      4. Сервер интернет-ресурса накопительного пенсионного фонда, используемый для размещения сведений о структуре инвестиционного портфеля, сформированного за счет пенсионных активов, подключается к сети Интернет по каналу связи с пропускной способностью не менее 20 Mbit/sec. Время загрузки любой страницы интернет-ресурса пользователем сети Интернет, использующим для подключения к сети Интернет канал связи со скоростью передачи данных 128 Kbit/sec, составляет не более 10 секунд в зависимости от наполнения страницы графикой и другими элементами.
      На интернет-ресурсе указываются дата и время размещения информации, а также обеспечивается их постоянное хранение.
      5. Сведения о структуре каждого вида инвестиционного портфеля, сформированного за счет пенсионных активов накопительного пенсионного фонда, публикуются (размещаются) в средствах массовой информации ежеквартально в срок не позднее последнего числа месяца, следующего за отчетным кварталом.
      6. Данные в сведениях о структуре каждого вида инвестиционного портфеля, сформированного за счет пенсионных активов накопительного пенсионного фонда, указываются в национальной валюте - тенге по курсу Национального Банка Республики Казахстан на соответствующую отчетную дату.
      7. Накопительный пенсионный фонд в срок не позднее десяти рабочих дней после опубликования сведений о структуре каждого вида инвестиционного портфеля за счет пенсионных активов, представляет в Комитет по контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций Национального Банка Республики Казахстан информацию об исполнении пунктов 2 и 5 Правил, с указанием средства массовой информации, использованного для публикации (размещения) сведений о структуре инвестиционного портфеля за счет пенсионных активов, с приложением копий подтверждающих документов.

Приложение            
к Правилам публикации      
накопительными пенсионными   
фондами сведений о структуре  
инвестиционного портфеля    
накопительного пенсионного фонда
за счет пенсионных активов в 
средствах массовой информации 

Форма           

Структура___________ инвестиционного портфеля,сформированного
(вид инвестиционного портфеля) за счет пенсионных активов
___________________________________________________
(наименование накопительного пенсионного фонда)
по состоянию на «__» «___________» 20__года

Наимено-
вание
эмитента
и вид
финансо-
вого
инстру-
мента

Иденти-
фикатор
финансо-
вого
инстру-
мента

Валюта
номи-
нальной
стоимос-
ти
(базо-
вого
актива)

Рей-
тинг

Дата
пога-
шения

Коли-
чество

Теку-
щая
стои-
мость

Удельный вес

Приме-
чание

от
инвес-
тици-
онного
порт-
феля

от
пен-
сионных
акти-
вов

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















      Пояснения по заполнению таблицы:
      В графе 1 указывается полное наименование эмитента финансового инструмента и его вид (в том числе, ценная бумага, полученная в результате операции «обратное РЕПО», аффинированный драгоценный металл, производный финансовый инструмент, банковский депозит и другие).
      В графе 2 указывается краткое название (уникальный идентификатор) котируемых финансовых инструментов, а также Национальный идентификационный номер (НИН), Международный идентификационный номер (International Securities Identification Number - ISIN) для финансовых инструментов, либо номер договора на открытие банковского депозита.
      В графе 3 указывается код валюты в соответствии с Государственным классификатором Республики Казахстан 07 ИСО 4217-2001 «Коды для обозначения валют и фондов» финансового инструмента, в которой он номинирован, либо код валюты, являющейся базовым активом по производному финансовому инструменту.
      В графе 4 указывается рейтинговая оценка ценной бумаги для долговых ценных бумаг, рейтинг эмитента (банка) для акций (банковского вклада), либо рейтинг контрпартнера для производных финансовых инструментов, а также наименование рейтингового агентства, присвоившего рейтинговую оценку. В случае наличие двух и более рейтинговых оценок указывается последняя, присвоенная рейтинговая оценка. В случае наличия рейтинговых оценок от международных рейтинговых агентств (Standard & Poors, Moody's Investors Service, Fitch Ratings) указываются рейтинговые оценки, присвоенные данными рейтинговыми агентствами.
      В графе 5 указывается дата погашения (закрытия) в формате «дата/месяц/год» для долговых ценных бумаг (операции «обратное РЕПО» или банковского вклада или производного финансового инструмента) в соответствии с условиями выпуска (сделки (договора)), для долевых и иных бессрочных ценных бумаг данная графа не заполняется.
      В графе 6 указывается количество финансовых инструментов в штуках.
      В графе 7 указывается текущая суммарная стоимость финансовых инструментов, включающая начисленное вознаграждение, на отчетную дату с учетом их обесценения в тысячах тенге.
      В графе 8 указывается удельный вес финансового инструмента в процентах от текущей стоимости инвестиционного портфеля (умеренного или консервативного), сформированного за счет пенсионных активов, с точностью до двух знаков после запятой.
      В графе 9 указывается удельный вес финансового инструмента в процентах от текущей стоимости пенсионных активов, с точностью до двух знаков после запятой.
      В графе 10 указывается дополнительная информация о финансовых инструментах, уточняющая суть заключаемой сделки с финансовыми инструментами (например, в случае если ценная бумага была получена в результате операции «обратное РЕПО», в данной графе делается соответствующая пометка).