Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 188 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 8 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4858 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 28 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық   басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының  41-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына,  55-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына,»"Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының  9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық   басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген   есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесі бекітілсін.

      2. Мынадай қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      1)   Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының » "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық   басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген   есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережені   бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы   N 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2387 тіркелген);
      2) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық   басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген   есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережені   бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 178 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі  N 262 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3786 тіркелген).

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Стратегия және талдау департаментi (М.С. Бөбеев):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық   басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға мәлімет үшін жіберсін.

      5. Агенттіктің Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының       
2007 жылғы 25 маусымдағы   
N 188 қаулысымен бекітілген 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың
біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық
ақпарат құралдарында жариялау ережесі

      1. Осы Ереже қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - Қор) және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйым) біріктірілген есептерін беру тәртібін, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібін айқындайды.

      2. Біріктірілген есепті Ұйым және осы ұйымның инвестициялық
басқаруында зейнетақы активтері болатын Қор бірлесіп, немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қор ағымдағы жылдың әрбір тоқсаны аяқталғанда осы Ереженің қосымшасына сәйкес қалыптастырады.

      3. Ұйым (осы Ұйымның инвестициялық басқаруында зейнетақы активтері бар әрбір Қордың ауқымында) немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қор біріктірілген есепті уәкілетті органға есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ұсынады.
      Уәкілетті орган біріктірілген есепті алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде оның өзінде бар ақпаратқа сәйкестігін тексереді және оны тексеру нәтижелері бойынша:
      1) ескертпелер болмаса, Ұйымға және/немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қорға біріктірілген есептің көрсеткіштері уәкілетті органға берген есептіліктің көрсеткіштеріне сәйкес келетіні туралы жазбаша хабарлайды;
      2) шынайы емес ақпарат анықталғанда, екі жұмыс күні ішінде ескертулерді жою үшін ол туралы Ұйымға және/немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қорға хабарлайды.

      4. Уәкілетті орган біріктірілген есепті алғаннан кейінгі жеті жұмыс күні ішінде оны бар болған ақпаратқа сәйкестігін тексереді және шынайы емес ақпарат анықталғанда ескертулерді екі жұмыс күні ішінде жою үшін Ұйымға және/немесе зейнетақы активтерін дербес инвестициялық   басқаруды жүзеге асыратын Қорға ол туралы хабарлайды. 
      Біріктірілген есеп бойынша ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган есептік тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 25 күніне дейін барлық Қорлардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жалпы сомасына әр Қордың жинақталған зейнетақы қаражаттарының пайыздық қатынасы жөніндегі ақпаратты интернет желісіндегі уәкілетті органның ресми сайтында орналастырады.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24.  N 276 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      5. Барлық Қорлардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жалпы сомасына әр Қордың жинақталған зейнетақы қаражаттарының пайыздық қатынасы жөніндегі ақпаратты интернет желісіндегі уәкілетті органның ресми сайтында орналастырғаннан кейін біріктірілген есепті жариялауды Ұйым немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қор жүзеге асырады. Ұйым және/немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қор»"Активтерді Басқарушылардың қауымдастығы"»қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне (бұдан әрі - Қауымдастық) біріктірілген есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды тапсырулары мүмкін.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24.  N 276 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      6. Біріктірілген есеп есептік тоқсанның екінші айының он бесіне дейін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын, кемінде он бес мың дана таралыммен шығарылатын баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға жатады.

      7. Қауымдастық, Ұйым және/немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын Қор уәкілетті органға біріктірілген есеп жарияланған баспа басылымы парағының көшірмесін (баспа басылымының атауын, оның нөмірін және жарияланған күнін көрсете отырып) жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.

      8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

                                 Жинақтаушы зейнетақы қорларының
                             және зейнетақы активтерін инвестициялық
                                басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың
                             біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ
                               оларды бұқаралық ақпарат құралдарында
                                      жариялау ережесіне қосымша

                 200___ жылғы 1________ жағдай бойынша
              Қордың және Ұйымның біріктірілген есебі

          1-кесте. Қорлар және Ұйымдар туралы жалпы ақпарат

                                                    (мың теңгемен)

N

Қор/Ұйым

Кастодиан
банк

Жарғылық
капиталы-
ның
мөлшері

Капитал
мөлшері

Қорға тиісті
комиссиялық сыйақының
шамасы (%-бен):

инвестиция-
лық
кірістен

зейнетақы
активтері-
нен

1.

2

3

4

5

6

7

2.

Ұйымның
атауы

X



X

X

3.

Зейнетақы
активтері
Ұйымның
инвестиция-
лық басқа-
руында
болатын
Қордың
атауы






4.

Зейнетақы
активтерін
инвестиция-
лық басқа-
руды дербес
жүзеге
асыратын
Қордың
атауы






5.

Қорлар бойынша барлығы

X





   кестенің жалғасы:

Салымшылардың
(алушылардың) жеке
зейнетақы шоттарының саны:

Зейнет-
ақы
жарна-
лары

Есептелген
инвестициялық
кіріс

міндет-
ті зей-
нетақы
жарна-
лары
бойынша

ерікті
зейнет-
ақы жар-
налары
бойынша

ерікті
кәсіби
зейнетақы
жарналары
бойынша

есептік
тоқсан
бойынша

өсу
жиынты-
ғымен

8

9

10

11

12

13

X

Х

X

X

X

X













   кестенің жалғасы:

"Таза"
инвестициялық
кіріс (комиссия-
лық сыйақыны
алып тастағанда)

Жинақталған зейнетақы
қаражаты

Зейнетақы
активтернің
шартты бірлігі-
нің ағымдағы
құнының мәні

есептік
тоқсан
бойынша

өсу
жиынты-
ғымен

сомасы

Қорлардың
жинақталған
зейнетақы
қаражаттары-
ның жалпы
сомасына
пайызбен

14

15

16

17

18

X

Х

X

X

X











         1-кестені толтыру бойынша ереже:
      1. 4 және 5-бағандарда уәкілетті органға тиісті есептік күнге
Қор мен Ұйым берген бухгалтерлік баланстың көрсеткіштеріне сәйкес
келетін жарғылық және меншікті капиталдың мөлшері көрсетіледі.
      2. 6 және 7-бағандарда Қор ағымдағы жылға белгілеген және
ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша біріктірілген есепті
жариялағанда көрсетілетін инвестициялық кірістен және зейнетақы
активтерінен түскен комиссиялық сыйақының мөлшерлері көрсетіледі.
      3. 8-11, 13, 15 және 16-бағандарда Қор қызметі басынан есу
жиынтығымен және Қор уәкілетті органға тиісті есептік күнге берген
әр айлық есептіліктегі ұқсас көрсеткіштерге сәйкес келетін
көрсеткіштер беріледі.
      4. 17-бағанда барлық Қорлардың жинақталған зейнетақы
қаражаттарының жалпы сомасынан пайызбен есептелген (бүтін саннан
кейін екі ондық белгіге дейін) көрсеткіштер беріледі.
      5. 18-бағанда Қор есепті айдың соңғы күні бойынша есептеген
зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің ағымдағы құнының мәні
(бүтін саннан кейін бес ондық белгіге дейін) көрсетіледі.
      6. "Қорлар бойынша барлығы" 5-жол бойынша Ұйымның
көрсеткіштері қосылмайды.
      7. Кастодиан банк - Қордың зейнетақы активтерін сақтауды және
есепке алуды жүзеге асыратын банк.
      8. Комиссиялық сыйақының шекті мөлшерін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді, және 2003 жылғы қаңтардан
бастап инвестициялық кірістен - 15% жоғары емес және зейнетақы
активтерінен - айына 0,05% жоғары емес болып белгіленген.

  2-кесте. Қорлардың инвестицияланған зейнетақы активтерінің үлесі

N

Қордың

Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бағалы қағаздары, оның ішінде:

Рейтингтік
бағалауы бар
борыштық
бағалы
қағаздар

Қазақстан
Республикасының Қаржы
министрлігінің

Қазақстан
Республикасының
Ұлттық Банкінің

> ААА-

теңгемен

шетел
валютасын-
да

теңгемен

шетел
валюта-
сында

1

2

3

4

5

б

7















Қорлар бойынша жиынтығы





   кестенің жалғасы:

Рейтингтік бағалауы бар борыштық
бағалы қағаздар

АА+
АА-
дейін

А+
А-
дейін

ВВВ+
ВВВ-
дейін/
кzА
АА+
кz
ААА-
дейін

ВВ+
ВВ-
дейін/
кzА
А+
кz
АА-
дейін

кzА+
кz
ВВВ
дейін

Басқа-
лар

Рези-
дент
емес-
тер-
дің
үлесі

Шетел
валюта-
сындағы
үлесі

8

9

10

11

12

13

14

15

















   кестенің жалғасы:

Эмитентінде рейтингтік бағалау бар үлестік
бағалы қағаздар:

> ААА-

АА+
АА-
дейін

А+
А-
дейін

ВВВ+
ВВВ-
дейін
/кzА
АА+
kz
ААА-
дейін

ВВ+
ВВ-
дейін/
kzAА+
кzАА-
дейін

кzА+
кz
ВВВ
дейін

Басқа-
лар

Резидент
еместер-
дің
үлесі

Шетел
валю-
тасын-
дағы
үлесі

16

17

18

19

20

21

22

23

24



















   кестенің жалғасы:

Рейтингтік бағалауы бар акциялардың екінші дәрежелі
банктердегі салымдары

> ААА-

АА+
АА-
дейін

А+
А-
дейін

ВВВ+
ВВВ-
дейін/
кz
ААА+
кz
ААА-
дейін

ВВ+
ВВ-
дейін/
кzАА+
кzАА-
дейін

кzА+
кz
ВВВ
дейін

Басқа-
лар

Шетел
валю-
тасын-
дағы
үлесі

25

26

27

28

29

30

31

32

















   кестенің жалғасы:

Басқа активтер

Номииалды кірістің коэффициенті

12 айдағы

36 айдағы

60 айдағы

33

34

35

36









         2-кестені толтыру бойынша ереже:
      1. 3-33-бағандарда барлық Қорлардың зейнетақы активтерінің жалпы құнынан пайызбен есептелген (бүтін саннан кейін екі ондық белгіге дейін) көрсеткіштер беріледі. Осы көрсеткіштердің сомасы (14, 15, 23, 24 және 32-бағандарды қоспағанда) әрбір Қор бойынша 100%-ға тең болуы тиіс.
      2.  13-бағанда рейтингісіз және/немесе 7-12-бағандарда берілгеннен төмен рейтингі бар борыштық бағалы қағаздардың үлесі көрсетіледі.
      3. 7-12, 16-21 және 25-30-бағандарда алдыңғы қатардағы мынадай рейтингтік агенттіктер: "Standart &   Рооr's", "Мооdy's Investors Service", "Fitch" және олардың еншілес рейтингтік ұйымдары берген рейтингтер көрсетіледі. Егер Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғасы шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағазда арнайы рейтинг болмаған жағдайда, онда осы борыштық бағалы қағаз эмитенттің рейтингі бойынша ескеріледі.
      4. 22-бағанда рейтингі жоқ және/немесе 16-21-бағандарда
берілгеннен төмен рейтингі бар үлестік бағалы қағаздардың үлесі
көрсетіледі.
      5. 31-бағанда акцияларында рейтингі жоқ және/немесе
25-30-бағандарда берілгеннен төмен рейтингі бар екінші деңгейдегі
банктерде орналастырылған салымдардың үлесі көрсетіледі.
      6. 33-бағанда 3-33, 16-22 және 25-31-бағандарда ескерілмеген қаржы құралдарының, тазартылған қымбат металдардың үлесі, инвестициялық шоттағы қаржының қалдығы және басқа ескерілмеген зейнетақы активтері көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады