Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 27.02.2018 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 ж. № 3, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2009 ж., № 6, 345-құжатта (10-қосымшаға дейін қоса алғанда); 2009 ж., № 7, 345-құжатта (11-ден 54-қосымшаға дейін қоса алғанда); 2009 ж., № 8, 345-құжатта (55-тен 82-қосымшаға дейін қоса алғанда) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінде:
31 -тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"31. Дербес шоттар заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, тәуелді агент арқылы қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ Салық кодексінде белгіленген тәртіпте салық агенті болып табылатын резидент емес тұлға үшін:
- орналасқан орны бойынша;
- салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан орны бойынша.
Жеке тұлға үшін дербес шоттар:
- резиденттің тұрғылықты орны бойынша;
- салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан орны бойынша;
- резидент еместің келу орны бойынша, банктін орналасқан жері бойынша;
- салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан орны бойынша.";
246-тармақ алып тасталсын;
248-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"248. Салық органына жіберілген ілеспе хатта берілетін құжаттар тізбесі көрсетіледі. Дербес шоттар электронды тасығыштарда беріледі.";
249-тармақ және 261-тармақ алып тасталсын;
262-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын;
"262. Салық кодексінің 38-бабы 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін құрылымдық бөлімшенің тіркеу есебінің орны бойынша салық органы қызметін тоқтатқан құрылымдық бөлімшенің дербес шоттарын электронды тәсілмен заңды тұлғаның тіркеу есебінің орны бойынша салық органына береді.";
296-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"296. Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша агенттердің дербес шоттары:
1) заңды тұлғаларға, олардың құрылымдық бөлімшелеріне - орналасқан орны бойынша;
2) жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустар мен адвокаттарға және жеке сот орындаушыларына - орналасқан (тұрғылықты) орны бойынша ашылады.";
383-тармақтың 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) "Бересі" - "құқық қорғау органдарына берілген мәліметтер бойынша бересілерді" қоспағанда салық төлеушілер бересілері.
Есепті мерзімдегі "Бересі" бағанына:
салық және басқа да міндетті төлемдердің басқа да түрлері бойынша артық төленген соманың болуына қарамастан дербес шоттар бойынша (өсімақы мен айыппұлсыз) есептелген және мерзімінде төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
оңалту рәсімі басталған кезден бастап қалыптасқан бересі сомасы;
салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындаудың өзгертілген мерзімі өткен бойда төленуге жататын салық сомасы жатады.
"Құқық қорғау органдарына берілген мәліметтер бойынша бересілер" - салық төлеушілердің, оның ішінде құқық қорғау органдары қаулыларының (құзіреті шегінде өзге де талаптардың) негізінде және де олар бойынша мәліметтер құқық қорғау органдарына берілген, салық тексерулерінің нәтижесі бойынша құралған бересі;
Есепті мерзімдегі "құқық қорғау органдарына берілген мәліметтер бойынша бересілер" бағанына:
олар бойынша мәліметтер құқық қорғау органдарына берілген салық тексерулерінің нәтижесі бойынша, салық және басқа да міндетті төлемдердің басқа да түрлері бойынша артық төленген соманың болуына қарамастан, дербес шоттар бойынша (өсімақы мен айыппұлсыз) есептелген және мерзімінде төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Сонымен қатар бұл санатқа есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер келесі шарттар орындалған жағдайда кіреді:
1) салық тексерулерінің құқық қорғау органдары қаулыларының (құзіреті шегінде өзге де талаптардың) негізінде жүргізілуі;
2) салық төлеушілердің салық тексерулері кезінде анықталған жалған кәсіпкерлік белгілерінің болуы;
3) тексерілген салық төлеушілердің шындығында активтерінің болмауы.
1Н нысаны есептемесінің "Бересі" бағанында мыналар көрсетілмейді:
салық төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындау мерзімі өзгертілген салық сомасы;
банкрот деп жарияланған (салық төлеушіні банкрот деп тапқан сот шешімі), сондай-ақ оңалту рәсімі қолданған мезеттегі құрылған (оңалту Жоспарына сәйкес) және мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданған салық төлеушілер бойынша бересі;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 49-бабымен көзделген негіздер бойынша тарату рәсімдерін өткеріп жатқан салық төлеушілер бойынша бересі;
өздеріне қатысты халықаралық шарттарға сәйкес өзара келісу рәсімдері жүргізіліп жатқан, сол рәсімдердің аяқталу мерзіміне дейін, резидент емес тұлғалар бойынша салық тексерулерінің нәтижесінен құралған бересі сомасы;
сәйкесінше шешім шыққанға дейін халықаралық арбитражда (сотта) тексеруге қатысушы салық төлеушінің салық тексерулерінің нәтижесінен құралған бересі сомасы.
Бересі бар екендігі туралы мәліметтерді:
айдың 1-ші күніндегі жағдай бойынша әр айдың үшінші күнінен кешіктірмей, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) дербес шоттары негізінде аудандық, қалалық және қала аудандарының, арнайы экономикалық аймақтардың салық органдары;
әр айдың 5-нен кешіктірмей төмен тұрған салық органдарынан алынған есептеме, сондай-ақ көрсетілген салық органдарында тікелей жүргізілетін салық төлеушілердің (салық агентінің) дербес шоттары негізінде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары жасайды.";
Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне 53-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | Б. Жәмішев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 177 бұйрығына Қосымша Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне 53 қосымша |
20_жылғы ______________ жағдай бойынша салықтар, бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер және міндетті
зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар сомаларының
түсімдері мен бересілері туралы есеп
Жылдың басында
__/__/_____ жылға жоспар
__/__/_____ жылға факт
Ерекшелік бойынша
Республика (облыс, аудан)
(мың теңге)
Мемлекеттік бюджет | Республикалық бюджет | ||||||
Салықтың (төлемнің) атауы | жоспар | факт | орындау %-і | жоспар | факт | орындау %-і | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ | ||||||
101101 | |||||||
және т.б. | |||||||
2 | САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ | ||||||
201101 | |||||||
және т.б. | |||||||
Салық және салықтық емес бойынша жиынтығы | |||||||
3 | |||||||
301101 | |||||||
және т.б. | |||||||
КІРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ: | |||||||
901101 | Жинақтаушы зейнетақы қоры 10% | + | |||||
902101 | Әлеуметтік аударымдар | + | |||||
906101 | Иелігіндегі шектелген мүлік | + | |||||
908101 | Иелігіндегі шектелген мүлік өткізілді | + |
кестенің жалғасы
Жергілікті бюджет | Бересі-1 | Құқық қорғау органдарына берілген материалдар бойынша бересі | қосылған құн салығының өтелуге сомасы | Қосылған құн салығының өтелуге сомасының барлығы | ||
жоспар | факті | орындау %-і | ||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
+ | + | |||||
+ | + | |||||
кестенің жалғасы
оның ішінде | ||||
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығын өтеу сомасы | 2009 ж. 1 қаңтардан кейін тауарлар жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша құрылған ҚҚС-н өтеу сомасы | Грант қаражатының есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген ҚҚС-н өтеу сомасы | Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн салығын өтеу сомасы | Келісім шарттар бойынша қосылған құн салығының өтелуге сомасы |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
кестенің жалғасы
Төленген өсімақы сомасы | Төленген айыппұл сомасы | Артық төлеу (асып түсү) | Ұлттық қормен барлығы | Соның ішінде, Ұлттық қор |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
+ | ||||
Ескерту: + - көрсетілген бағандар ғана толтырылады
қосылған құн салығы бойынша көрсетілген бағандағы оң сальдо асып түсу және/немесе артық төленген сома ретінде қарастырылады