Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 18-03/159 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 мамырда № 7645 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 15-05/844 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.09.2015 № 15-05/844 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 23) тармақшасын және 14-2-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (С.С.Хасенов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                            Е. Аман

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы         
министрінің міндетін атқарушының
2012 жылғы 6 сәуірдегі     
№ 18-03/159 бұйрығымен     
бекітілген           

Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану қағидасы

1. Жалпы қағидалар

      1. Осы Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 1-тармағының 23) тармақшасына және 14-2-бабына сәйкес әзірленді және оларды пайдалану тәртібін белгілейді.
      2. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы «Карантиндік объектілер, бөтен текті түрлер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысымен бекіткен тізбеге (одан әрі - Тізбе) енгізілген аса қауіпті зиянды организмдердің тосыннан жаппай таралуын жою үшін пайдаланылатын, ұдайы жаңартылатын пестицидтердің белгілі көлемі болып табылады.
      3. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.
      4. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын қалыптастыруды және оның сақталуын, пайдалануын бақылауды қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (одан әрі - Комитет) жүзеге асырады.

2. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану тәртібі

      5. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының (одан әрі - Мемлекеттік инспектор) бөлуі бойынша:
      1) Тізбеге енгізілген аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралған және болжамды көлемінен асып түскен;
      2) аса қауіпті зиянды организмдердің шектес мемлекеттерден енген (ұшып келген) және фитосанитариялық іс-шараларды жоспардан тыс жүргізу қажет болған жағдайда жүзеге асырылады.
      6. Аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралғаны, болжамды көлемінен асып түскені немесе енгені (ұшып келгені) туралы ақпарат, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитеттің аумақтық инспекцияларының бастықтарымен бекітілген «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің мамандарымен қоныстануына (зарардануына) жүргізілген тексерулер туралы актілермен нақтыланады.
      7. Аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралғаны, болжамды көлемінен асып түскені немесе енгені (ұшып келгені) туралы ақпарат бір күнтізбелік күн ішінде Комитетке ұсынылады.
      8. Қағиданың 5-тармағында көзделген жағдайлардың туындауы туралы ақпарат түскен кезде, Мемлекеттік инспектор бір жұмыс күні ішінде, аса қауіпті зиянды организмдердің түрін ескере отырып, пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын бөлуді бекітеді.
      9. Жоғарыда аталған бөлуге сәйкес рұқсат қағаз ресімделеді және Комитетпен бір жұмыс күні ішінде пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын сақтауды жүзеге асыратын ұйымға жіберіледі.
      Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын тасымалдау үшін көлік құралын жіберу қажеттігі туралы рұқсат қағаз Комитетпен бір жұмыс күні ішінде тасымалдаушы ұйымға жіберіледі.
      10. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын сақтауды жүзеге асыратын ұйым оларды тасымалдаушы ұйымға қолдану орнына дейін тасымалдауға беруді қамтамасыз етеді.
      Тасымалдаушы ұйым пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын аймақтарда оларды қолдану орнына дейін жеткізуді жүзеге асырады.
      Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын беру және тасымалдау жүк-тасымал құжаттарын рәсімдеу арқылы жүргізіледі.
      11. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын жеткізілген жерінде қабылдау және оларды қолдану жөніндегі қызмет көрсетулерді бағалау үшін Облыстық аумақтық инспекцияның бастығының бұйрығымен Комиссия құрылады.
      Комиссияның құрамына: Комитеттің аумақтық инспекцияларының және жергілікті атқарушы органдардың (келісім бойынша) басшылары мен өсімдіктерді қорғау туралы мамандары, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі қызмет көрсетулерді жеткізушінің өкілдері кіреді.
      Комиссия пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын жеткізілген жерінде қабылдауды жүзеге асырады және оларды қалыптасқан фитосанитарлық жағдайды ескере отырып аса қауіпті организмдерге қарсы қолдануды қамтамасыз етеді.
      12. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын қолдану қорытындылары бойынша Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау жөніндегі көрсетілген қызметтерді бағалау актісі рәсімделеді.
      Өсімдіктерді қорғау жөніндегі көрсетілген қызметтерді бағалау актісі пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын есептен шығару үшін Комитетке тапсырылады.
      13. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы, «Фитосанитарлық нормативтерді, фитосанитарлық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитарлық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 қаулысына сәйкес қалыптастырылады.
      14. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын сақтау және тасымалдау Заңға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      15. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын жаңарту тиісті бюджеттік бағдарламада көзделген сомалар шегінде жыл сайын сатып алынатын пестицидтердің көлемінен жүзеге асырылады.

Пестицидтердің (улы химикаттардың)
запасын пайдалану қағидасына   
1-қосымша           

Нысан

БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
______________________________
                        (облыс атауы)       

облыстық аумақтық     
инспекциясы бастығы    
______________________________
(Қолы, м-рі)         
______________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар
______________________________
болса) (одан әрі - Т.А.Ә.))
20___ жылғы «__» _____________

Қоныстануына (зарарданғанына) тексеру жүргізу туралы
Акт
_________________________________________
(аса қауіпті зиянды организмдердің атауы)

рет-
тік

Аудандардың (қалалардың) ауылдық округтардың атауы

Тексеруді жүргізу күні

Барлық тексерілгені, мың гектар

Қоныстанғаны (зарарданғаны), мың гектар

оның ішінде экономикалық зиянды шегінен жоғары (одан әрі - ЭЗШ), мың гектар

1.






2.






...







Барлығы:





Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің ________________
                      (облыстың атауы)

облыстық аумақтық инспекциясының
өсімдіктерді қорғау бөлімінің бастығы _________________ ____________
                                          (қолы)         (Т.А.Ж.)

«Республикалық фитосанитарлық диагностика
және болжамдар әдістемелік орталығы»
мемлекеттік мекемесінің __________________
                         (облыстың атауы)
облыстық филиалының директоры _________________ ____________
                                  (қолы)         (Т.А.Ж.)

Пестицидтердің (улы химикаттардың)
запасын пайдалану қағидасына   
2-қосымша           

Нысан

Өсімдіктерді қорғау жөнінде көрсетілген қызметтерді бағалау
АКТІСІ

   ____________________________             «__»__________20__ жыл
    (облыс, аудан, елді мекен)

_______________________________________ құрылған Комиссия, құрамында:
(Комиссия кімнің шешімімен құрылды, күні және шешімнің нөмері көрсетілсін)

комиссия төрағасы,      __________           ___________
                        (лауазымы)            (Т.А.Ж.)
Комиссия мүшелері:     __________            __________
                        (лауазымы)            (Т.А.Ж.)

сондай-ақ 20 ___жылғы «___» _____ №__ сенімхатқа сәйкес
_____________________________________ мүддесін қорғауға уәкілетті
(Қызмет көрсетуді жеткізушінің толық атауы)
өкілі, _______ 20___жылғы «__»_____ № ___ Келісім-шартқа сәйкес _____
       (Т.А.Ж.)
ауданының жерінде__________________ қарсы_______________________
          (зиянды организмнің атауы)   (ұшақтармен, АЖҰ, аэрозольді
                                        генераторлармен, атомайзерлік
                                        қондырғылармен, тракторлік
                                        бүріккіштермен және басқалар)

химиялық өңдеулер жөніндегі көрсетілген қызметтерді қарастырып, келесі қорытындыны құрады:

Ауылдық округтың атауы

Қызмет көрсету мерзімі

Биологиялық тиімділігі, %

Қолданылған пестицид (саудалық атауы)

Саны, (литр, килограмм)

Жұмсау нормасы, (литр/гектар, килограмм/гектар)

Өңдеу алаңы, гектар

1 гектардың бағасы, теңге

Сома, теңге



















Барлығы









Комиссия төрағасы             ________________________
                                 (қолы, Т.А.Ж., мөр)
Комиссия мүшелері             ________________________
                                   (қолы, Т.А.Ж.)
Қызмет көрсетуді жеткізуші    ________________________
                                   (қолы, Т.А.Ж.)

Об утверждении Правил использования запаса пестицидов (ядохимикатов)

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 апреля 2012 года № 18-03/159. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 мая 2012 года № 7645. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 сентября 2015 года № 15-05/844

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 23.09.2015 № 15-05/844 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации подпункта 23) пункта 1 статьи 6 и статьи 14-2 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2002 года «О защите растений», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила использования запаса пестицидов (ядохимикатов).
      2. Комитету государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (Хасенов С.С.) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      И. о. Министра                             Е. Аман

Утверждены           
приказом и. о. Министра     
сельского хозяйства       
Республики Казахстан       
от 06 апреля 2012 года № 18-03/159

Правила
использования запаса пестицидов (ядохимикатов)

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила использования запаса пестицидов (ядохимикатов) (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 23) пункта 1 статьи 6 и статьей 14-2 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2002 года «О защите растений» (далее - Закон) и устанавливают порядок их использования.
      2. Запас пестицидов (ядохимикатов) представляет собой определенный объем регулярно обновляемых пестицидов, используемый для ликвидации непредвиденного массового распространения особо опасных вредных организмов, включенных в перечень, утвержденный постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1295 «Об утверждении перечней карантинных объектов, чужеродных видов и особо опасных вредных организмов» (далее - Перечень).
      3. Запас пестицидов (ядохимикатов) является государственной собственностью, находящейся в ведении (распоряжении) Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      4. Обеспечение формирования и контроля за сохранностью, использованием запаса пестицидов (ядохимикатов) осуществляется Комитетом государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Комитет).

2. Порядок использования запаса пестицидов (ядохимикатов)

      5. Использование запаса пестицидов (ядохимикатов) осуществляется по распределению Главного государственного инспектора по защите растений Республики Казахстан (далее - Государственный инспектор) в следующих случаях:
      1) вспышки массового распространения особо опасных вредных организмов, включенных в Перечень и превышению прогнозных объемов;
      2) проникновения (залета) особо опасных вредных организмов из сопредельных государств и необходимости внепланового проведения фитосанитарных мероприятий.
      6. Информация о вспышке массового распространения, превышении прогнозных объемов или проникновении (залете) особо опасных вредных организмов подтверждается актами о проведении обследований на заселенность (зараженность) специалистами Государственного учреждения «Республиканский методический центр фитосанитарной диагностики и прогнозов», утвержденными начальниками территориальных инспекций Комитета по форме согласно приложению 1 к Правилам.
      7. Информация о вспышке массового распространения, превышении прогнозных объемов или проникновении (залете) особо опасных вредных организмов представляется в Комитет в течении одного календарного дня.
      8. При поступлении информации о возникновении случаев предусмотренных пунктом 5 Правил, Государственный инспектор в течении одного рабочего дня, утверждает распределение запаса пестицидов (ядохимикатов) с учетом вида особо опасного вредного организма.
      9. Согласно вышеуказанному распределению оформляется разнарядка и направляется Комитетом в организацию, осуществляющую хранение запаса пестицидов (ядохимикатов) в течении одного рабочего дня.
      Разнарядка о необходимости предоставления транспортных средств для транспортировки запаса пестицидов (ядохимикатов) направляется Комитетом транспортной организации в течении одного рабочего дня.
      10. Организация, осуществляющая хранение запаса пестицидов (ядохимикатов), обеспечивает их выдачу транспортной организации для транспортировки к местам применения.
      Транспортная организация осуществляет доставку запаса пестицидов (ядохимикатов) в регионы к местам их применения.
      Выдача и транспортировка запаса пестицидов (ядохимикатов) производится с оформлением соответствующих документов.
      11. Для приема запаса пестицидов (ядохимикатов) на местах и оценки оказания услуг по их применению приказом Начальника областной территориальной инспекции создается Комиссия.
      В состав Комиссии входят: руководители и специалисты по защите растений территориальных инспекций Комитета и местных исполнительных органов (по согласованию), а также представители поставщика услуг по защите растений.
      Комиссия осуществляет прием запаса пестицидов (ядохимикатов) на местах и обеспечивает их применение против особо опасных вредных организмов с учетом сложившейся фитосанитарной обстановки.
      12. По результатам применения запаса пестицидов (ядохимикатов) оформляются акты оценки оказанных услуг по защите растений по форме согласно приложению 2 к Правилам.
      Акты оценки оказанных услуг по защите растений представляются в Комитет для списания запаса пестицидов (ядохимикатов).
      13. Запас пестицидов (ядохимикатов) формируется в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2011 года № 1394 «Об утверждении фитосанитарных нормативов, форм фитосанитарного учета, а также Правил представления форм фитосанитарного учета».
      14. Хранение и транспортировка запаса пестицидов (ядохимикатов) осуществляется за счет средств республиканского бюджета в соответствии с Законом.
      15. Обновление запаса пестицидов (ядохимикатов) осуществляется из ежегодно закупаемого объема пестицидов в пределах сумм, предусмотренных соответствующей бюджетной программой.

Приложение 1         
к Правилам использования   
запаса пестицидов (ядохимикатов)

Форма     

УТВЕРЖДАЮ                         
Начальник _______________ областной
(Наименование области)
территориальной инспекции Комитета
государственной инспекции         
в агропромышленном комплексе      
Министерства сельского хозяйства  
Республики Казахстан              
_______________   _________________
(Подпись, печать)  (Фамилия, имя и отчество
(при наличии)    
(далее - Ф.И.О.))  
«__» ________ 20__ года           

Акт
о проведении обследований на заселенность (зараженность)
___________________________________________________
(наименование особо опасного вредного организма)


п/п

Наименование
районов
(городов),
сельских округов

Дата
проведения
обследования

Всего
обследовано,
тысяч
гектаров

Заселено
(заражено),
тысяч
гектаров

в том числе
выше экономического
порога вредоносности
(далее - ЭПВ),
тысяч гектаров

1.






2.













Всего:





Начальник отдела защиты растений
_________________________ областной территориальной инспекции
    (Наименование области)
Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе
Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан             ________________   _________________
                                    (Подпись)              (Ф.И.О.)

Директор ____________________ областного филиала
          (Наименование области)
Государственного учреждения «Республиканский методический центр
фитосанитарной диагностики и прогнозов» ____________   _____________
                                           (Подпись)        (Ф.И.О.)

Приложение 2         
к Правилам использования   
запаса пестицидов (ядохимикатов)

Форма     

АКТ
оценки оказанных услуг по защите растений

      _____________________                 «__» __________ 20__ года
          (область, район,
         населенный пункт)

      Комиссия, созданная ________________________________ в составе:
                             (указать: чьим решением создана
                             Комиссия, дату и номер решения)
председатель комиссии,         _________________ ____________________
                                  (должность)             (Ф.И.О.)
члены Комиссии:                _________________ ____________________
                                  (должность)             (Ф.И.О.)
а также _________________, уполномоченный согласно доверенности
             (Ф.И.О.)
№__ от «__» _________ 20__ года представлять интересы _______________
                                                     (полное наименование
__________________________________ произвели осмотр услуг,
           Поставщика услуг)
оказанных _____________________________________________ по химической
         (самолетами, СЛА, аэрозольными генераторами, атомайзерными
            установками, тракторными опрыскивателями и другие.)
обработке против ______________________________________
                     (наименование вредного организма)
на землях _______________ района, согласно Договора №__
от «__» ____________ 20__ года и составили следующее заключение:

Наимено-
вание
сельского
округа

Сроки
оказания
услуг

Биологи-
ческая
эффек-
тивность,
%

Исполь-
зуемый
пестицид
(торговое
название)

Коли-
чество,
(литров,
килог-
рамм)

Норма
расхода,
(литров/
гектар,
килограмм/
гектар)

Площадь
обработки,
гектаров

Цена
за 1
гектар,
тенге

Сумма,
тенге



















Всего









      Председатель Комиссии    ______________________________________
                                         (подпись, Ф.И.О., печать)

      Члены Комиссии           ______________________________________
                                          (подпись, Ф.И.О.)

      От Поставщика Услуг      ______________________________________
                                        (подпись, Ф.И.О, печать.)