Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдаға № 15-02/584 бұйрығын қараңыз.


      «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) фитосанитариялық нормативтер;
      2) фитосанитариялық есепке алу нысандары;
      3) Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1394 қаулысымен
бекiтiлген   

Фитосанитариялық нормативтер:

1. Пестицидтер (улы химикаттар) запасының
фитосанитариялық нормативтері

      Ескерту. Нормативтерге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.06.2013 № 566 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Аса қауіпті зиянды организмнің атауы

Болжанған алқаптың запас пайызы, дейін

Обыр шегіртке тұқымдастар

30

Астықтың сұр көбелегі

30

Қандала-зиянды бақашық

30

Гессен шыбыны

30

Жүгерідегі мақта көбелегі

30

Астық қоңыздары

30

Мақтадағы мақта көбелегі

30

Мақтадағы өрмекші кене

30

Қытайбұршақтағы өрмекші кене

30

Дәнді дақылдар аурулары (тат пен септориоз)

30

Сарышұнақтар мен тышқан тұқымдас кеміргіштер

30

Колорадо картоп қоңызы

30

2. Дәнді дақылдар егісіндегі басым арамшөп өсімдіктерінің
түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер

Атауы

Экономикалық зияндылық шегі, шаршы метрге дана

Біржылдық біржарнақты

Қара сұлы

15-20

Түкті тары

25-50

Күрмек тары

40-50

Көкшіл және жасыл мысыққұйрық

60-80

Біржылдық қосжарнақты

Егістік қыша

12

Шырмауық таран

19

Татар қарақұмығы

7-11

Кәдімгі қызылқұйрық

10

Егістік қанатжеміс

18

Көпжылдық біржарнақты

Жауқияқ

3-6

Жатаған бидайық

3-6

Көпжылдық қосжарнақты

Егістік сарықалуені

2-3

Дала шырмауығы

4-5

Татар сүттігені

3-4

Талшық сүттігені

3-6

Далалық қалуен

3-4

3. Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша
фитосанитариялық нормативтер

      Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.06.2013 № 566 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Аса қауіпті зиянды организмдердің атауы

Аса қауіпті зиянды организмнің даму сатысы

Дақыл және (немесе) жерлер

Дақылдың даму кезеңі

Экономикалық зияндылық шегі (ЭЗШ)

Үйірлі обыр шегіртке тұқымдастар





итальяндық прус

дернәсілдер

ауыл шаруашылығы жерлері

өсу кезеңі

1 шаршы метрге 5 және одан көп дана

мароккалық шегіртке

дернәсілдер

ауыл шаруашылығы жерлері

өсу кезеңі

1 шаршы метрге 5 және одан көп дана

азиялық шегіртке

дернәсілдер

ауыл шаруашылығы жерлері

өсу кезеңі

1 шаршы метрге 5 және одан көп дана

Астықтың сұр көбелегі

жұлдызқұрттар

жаздық бидай (тауарлық егістер)

сүттеніп пісу

100 масаққа 15 жұлдызқұрттан артық – салқын ауа-райында, 20-дан артық – орташада және 30-дан артық – құрғақшылықта


жұлдызқұрттар

жаздық бидай (тұқымдық егістер)

сүттеніп пісу

жоғарыда көрсетілген өлшемдер 2 есе төмен

Қандала-зиянды бақашық
 

 
 
 

қыстаған қандалалар

күздік (жаздық) бидай

түптену

1 шаршы метрге 1-2 қыстаған қандала, құрғақшылық жылдары бұл көрсеткіш 2 есе төмендейді (0,5-1,0)

дернәсілдер

жаздық бидай

гүлдеу-дән толысудың басы

1 шаршы метрге 5 дернәсіл

дернәсілдер

жаздық бидай

сүттеніп пісу

1 шаршы метрге 2 дернәсіл

Астық қоңыздары: кузька қоңызы, әдемі қоңыз, айқышты қоңыз

имаго

жаздық бидай

гүлдеу-дән толысудың басы

1 шаршы метрге 3 қоңыздан артық

Гессен шыбыны

пупарий
 
 

бидай болған танаптар (аңыз)

егіске дейін

1 шаршы метрге 5-10 және одан артық тіршілікке икемді пупарий

жұмыртқа

жаздық бидай

толық өскін- түптену

30 %-дан астам жұмыртқалаумен жайланған өсімдіктер

Дәнді дақылдардың аурулары: септориоз, қоңыр тат

уредокезең
 
 

бидай (күздік, жаздық)

өсудің бірінші жартысы

орта қабаттағы жапырақтардың септориозбен 10-25, жоғарыдағы – 1-5-тен көп емес, қоңыр татпен, тиісінше 5-10 және 1 % залалданған жағдайда. Аурулар одан ерте пайда болса (түтіктенуге дейін) және қолайлы ауа-райы жағдайында бұл көрсеткіштерді 2-3 есе түсіруге, ал кеш пайда болса (сүттеніп пісу) – керісінше, көтеруге болады. аурудың 30 % дамуы

сары тат

уредокезең

бидай (күздік)

гүлдеу

Мақтадағы өрмекші кене
 
 
 

Соядағы өрмекші кене

жұмыртқа, дернәсілдер, имаго

мақта

шанақтанудың басы-пісудің басы

танапта өсімдіктердің залалдануы 10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ)

жұмыртқа, дернәсілдер, имаго

соя

өсу кезеңі

өсімдіктердің кенемен залалдануы 10 %-дан жоғары, оның саны 1 жапыраққа 10 дарақтан артық

Мақтадағы мақта көбелегі
 

Жүгерідегі мақта көбелегі

жұмыртқа, жұлдызқұрт

мақта

шанақтанудың басы-пісудің басы

100 өсімдікке 8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт

көбелек, жұлдызқұрт

жүгері

өсу кезеңі

бір торға тәулігіне 8-10 көбелек, бұл зиянкестің егістіктегі санының өте көптігіне сәйкес

Сарышұнақтар


дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер

өсу кезеңі

егістерде және егістен 300 метрлік аймақта – 1 гектарға 5 аң, ал 2 км аймақта – 1 гектарға 15-20 аңнан артық

Тышқан тұқымдастар


дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер

өсу кезеңі

25 тұзаққа 3 кеміргіш ұстау (100 тұзаққа шаққанда – 12 %), сондай-ақ учаскеде жапалақтардың топталуы, ал солтүстік аймақта – сұртышқандардың қысқы қарасты ұяларының болуы

Колорадо картоп қоңызы

қоңыздар

картоп

өсімдіктің өсу кезеңіндегі биіктігі 15-25 см дейін

картоп түптерінің 0,5-2 %-ына қоныстанған

қыстап шыққан қоңыздар мен дернәсілдер

картоп

шанақтану кезеңі – гүлдену

түптердің 5-8 %-на қоныстанған, 1 өсімдікке 20 дернәсілден келеді

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1394 қаулысымен
бекiтiлген    

Фитосанитариялық есепке алу нысаны

Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
               (тегі, ата, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________

___ жылғы ___ тоқсанға пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру
және өткізу туралы есеп

(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)

литр

Пестицидтің (улы химикаттың), биопрепараттың және энтомофагтың атауы

Есепті кезеңнің басына қалған қалдық

Есепті кезеңде өндірілгені

Есепті кезеңде сатып алынғаны

Есепті кезеңде өткізілгені

Пестицидтер (улы химикаттар), биопрепараттар және энтомофагтар өткізілген субъектінің атауы

Есепті кезеңнің соңына қалған қалдық

барлығы

оның ішінде

импорт бойынша

елдің ішінде































М.О.

Басшы ______________________              ________________________
            (қолы)                                (Т.А.Ә.)

Орындаушы _____________________           ________________________
            (қолы)                                (Т.А.Ә.)

Телефон _______________ _____ жылғы «___» _____________________

Фитосанитариялық есепке алу нысаны

Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
               (тегі, ата, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________

___ жылғы ___ тоқсанға пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есеп

(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)

литр

Пестицидтің (улы химикаттың), биопрепараттың,энтомофагтың атауы

Есепті кезеңнің басындағы саны

Есепті кезеңде түскені

Есепті кезеңде жұмсалғаны

Өткізілді (өзге облыстарға берілгені)

Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы






















М.О.

Басшы ______________________            ________________________
              (қолы)                           (Т.А.Ә.)

Орындаушы _____________________         ________________________
               (қолы)                         (Т.А.Ә.)

Телефон _______________ _____ жылғы «___» ______________________

Фитосанитариялық есепке алу нысаны

Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
                (тегі, ата, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________

___ жылғы ___ тоқсанға пестицидтерді (улы химикаттарды),
биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есеп

(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)

литр

Пестицидтің (улы химикаттың), биопрепараттың, энтомофагтың атауы

Есепті кезеңнің басындағы саны

Есепті кезеңде түскені

Есепті кезеңде жіберілгені

Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы



















М.О.

Басшы ______________________           ________________________
           (қолы)                              (Т.А.Ә.)

Орындаушы _____________________        ________________________
            (қолы)                            (Т.А.Ә.)

Телефон _______________ _____ жылғы «___» _____________________

Фитосанитариялық есепке алу нысаны

Кезеңдігі – жылдық
Кім тапсырады ______________________________________________________
              (тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________

___ жылға бүріккіш және дәрілегіш техниканың
бар-жоғы туралы есеп

(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)

дана (бірлік)

Бүріккіш және дәрілегіш техниканың атауы

Есепті кезеңнің басындағы саны

Олардан жарамдысы

Есепті кезеңде келіп түскені

Есепті кезеңде есептен шығарылғаны

Есепті кезеңнің соңындағы саны






















М.О.

Басшы ______________________               ________________________
          (қолы)                                  (Т.А.Ә.)

Орындаушы _____________________            ________________________
             (қолы)                               (Т.А.Ә.)

Телефон _______________ _____ жылғы «___» _________________________

Фитосанитариялық есепке алу нысаны

Кезеңдігі – айлық
Кім тапсырады _______________________________________________________
               (тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________

___ жылғы ___ айына химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп

(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)

Зиянды организмнің атауы

Ауыл шаруашылығы дақылының (жердің) атауы

Өңдеу алқабы, мың га

Орындаушылардың атауы (оларды тартқан жағдайда)

Бүріккіш (дәрілегіш) техниканың атауы

Пестицидтердің (улы химикаттардың) жұмсалғаны

түрі

маркасы

саны, дана

атауы

литр































М.О.

Басшы ______________________             ________________________
          (қолы)                                (Т.А.Ә.)

Орындаушы _____________________          ________________________
              (қолы)                            (Т.А.Ә.)

Телефон _______________ _____ жылғы «___» _______________________

Фитосанитариялық есепке алу нысаны

Кезеңдігі – айлық
Кім тапсырады ______________________________________________________
              (тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________

___ жылғы ___ айына химиялық өңдеу бойынша қызмет көрсету
туралы есеп

(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)

Зиянды организмнің атауы

Ауыл шаруашылығы дақылының (жердің) атауы

Өңдеу алқабы (көлемі), мың га, мың тонна

Қызмет көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың атауы

Бүріккіш (дәрілегіш) техниканың атауы

түрі

маркасы

саны, дана

























М.О.

Басшы ______________________            ________________________
           (қолы)                                (Т.А.Ә.)

Орындаушы _____________________         ________________________
            (қолы)                               (Т.А.Ә.)

Телефон _______________ _____ жылғы «___» ______________________

Фитосанитариялық есепке алу нысаны

Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
               (тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________

___ жылғы ___ тоқсанға тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер
(улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму туралы есеп

(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)

Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер мен олардың ыдысының атауы

Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер мен олардың ыдысын көмуге жеткізген жеке және заңды тұлғалардың атауы

Саны, тонна

Көмген күн

Бункердің нөмірі, тұрған орны

Ыдыстың жағдайы

Көмудің жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі

























М.О.

Басшы ______________________             ________________________
            (қолы)                             (Т.А.Ә.)

Орындаушы _____________________          ________________________
             (қолы)                            (Т.А.Ә.)

Телефон _______________ _____ жылғы «___» _______________________

Фитосанитариялық есепке алу нысаны

Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
               (тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________

___ жылғы ___ тоқсанға қойма жайларының бар-жоғы туралы есеп

(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес ұсынылады)

Жеке және заңды тұлғалардың - қойма жайлары иелерінің атауы

Тұрған орны

Санитарлық паспорттың болуы, №, берілген мерзімі мен күні

Қоймалардың алаңы, шаршы метр

Есепті кезеңнің басындағы қоймалардың бар-жоғы, дана

Есепті кезеңнің соңындағы қоймалар бар-жоғы, дана

Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау кезіндегі қалдық, литр

























М.О.

Басшы ______________________              ________________________
           (қолы)                                (Т.А.Ә.)

Орындаушы _____________________           ________________________
              (қолы)                             (Т.А.Ә.)

Телефон _______________ _____ жылғы «___» ________________________

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1394 қаулысымен
бекiтiлген   

Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету тәртібін айқындайды.
      2. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын:
      1) қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;
      2) өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;
      3) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар тапсырады.

2. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету тәртібі

      3. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – фитосанитариялық есепке алу субъектілері):
      1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу;
      2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы;
      3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау;
      4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы;
      5) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды қолдануды жүзеге асыратын химиялық өңдеулер жүргізу;
      6) химиялық өңдеу қызметін көрсету;
      7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму;
      8) қойма жайларының бар-жоғы бойынша фитосанитариялық есепті жүргізеді.
      4. Фитосанитариялық есепке алу субъектілері фитосанитариялық есепке алу нысандары бойынша уәкілетті орган ведомствосының аудандық аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аудандық аумақтық инспекциялар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген нысандар ұсынады.
      5. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын субъектілер аудандық аумақтық инспекцияға фитосанитариялық есепке алу нысандарын есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде:
      1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есепті пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, энтомофагтарды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін;
      2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін;
      3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін;
      4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың саны туралы есепті қолында бүріккіш және дәрілегіш техника мен жабдық (ауыл шаруашылығы авиациясы, аэрозольдік генераторлар, атомайзерлік, штангалық, вентиляторлық бүріккіштер, бүріккіш және дәрілегіш техниканың өзге түрлері) бар фитосанитариялық есепке алу субъектілері, жыл сайын 20 наурызға дейін;
      5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті меншік өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды қолдануды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 20 күніне дейін;
      6) химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсету туралы есепті химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсететін фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 20 күніне дейін;
      7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму туралы есепті тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көмуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін;
      8) қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы есепті пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтауды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін ұсынады.
      6. Аудандық аумақтық инспекция фитосанитариялық есепке алу субъектілері ұсынған фитосанитариялық есептер негізінде фитосанитарлық есепке алуды жүргізеді, кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген нысандар бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық (Астана және Алматы қалалары) аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – облыстық аумақтық инспекция) ұсынады.
      7. Аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы фитосанитариялық есепке алу нысандарын облыстық аумақтық инспекциясына келесі есептің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде:
      1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін;
      2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін;
      3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін;
      4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есепті, жыл сайын жылғы 25 наурызға дейін;
      5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 25 күніне дейін;
      6) химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсету туралы есепті ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 25 күніне дейін;
      7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін;
      8) қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін ұсынады.
      8. Облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы ұсынылған фитосанитариялық есептер негізінде фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді, кейіннен уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.
      9. Облыстық аумақтық инспекцияның мемлекеттік инспекторы фитосанитариялық есепке алу нысандарын уәкілетті органның ведомствосына мынадай есептердің түрлері бойынша және мерзімдерде:
      1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін;
      2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін;
      3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін;
      4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есепті жыл сайын әр жылдың 1 сәуіріне дейін;
      5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 30 күніне дейін;
      6) химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсету туралы есепті ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 30 күніне дейін;
      7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін;
      8) қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін ұсынады.
      10. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органның ведомствосына фитосанитариялық есепке алу нысандарын осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген есеп түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады