Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2024 № 93 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.11.2024 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 59 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 45 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6841 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 31 мамырда № 226-227 (26625) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қоса беріліп отырған Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріндегі 13-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
Денсаулық сақтау министрі | Экономикалық даму |
және сауда министрі
___________С. Қайырбекова | ____________ Б. Сағынтаев |