""Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 59 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 45 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2012 жылғы 8 мамырдағы № 325 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2012 жылғы 15 мамырдағы № 153 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 93 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 103 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 22 қарашада № 35391 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 59 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 45 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2012 жылғы 8 мамырдағы № 325 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2012 жылғы 15 мамырдағы № 153 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7722 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров
     
      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады