Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 194 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 шілдеде № 7781 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Басқармасының
2012 жылғы 25 мамырдағы
№ 194 қаулысымен бекітілген

Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидалары

      Осы Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидалары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету тәртібін айқындайды.

      1. Заңның 8-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алуға ниетті заңды тұлға деп жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін тұлғалар туралы ақпаратты мынадай құжаттардың (мәліметтердің) бірін ұсыну арқылы жария ететін тұлға түсініледі:

      1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

      2) акционерлердің (қатысушылардың) тізілімінен үзінді-көшірмелерін;

      3) резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе резидент емес тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген осындай өзге құжаттан) үзінді-көшірмелерін;

      4) қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасының не электрондық жүйелердің (REUTERS, Bloomberg сияқты) интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтерді;

      5) соңғы есепті күнгі, аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті;

      6) бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің немесе резидент емес заңды тұлға тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген, бағалы қағаздар шығарылымын растайтын осындай өзге құжаттың көшірмелерін;

      7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның не заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін заңды тұлға орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында не Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтерді;

      8) қаржы ұйымы не Қазақстан Республикасының банк мәртебесі бар, сақтандыру ұйымы, зейнетақы қоры, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы немесе кастодиандық қызметті, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын резидент емес заңды тұлғасы ұсынған мәліметтерді.

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін тұлғалардың жиынтық үлесіне мынадай критерийлердің біріне сәйкес келетін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың үлестері кіреді:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган не шет мемлекет бақылайды;

      Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес халықаралық ұйым болып табылады;

      Қазақстан Республикасына берілген тәуелсіз рейтингіден төмен емес жеке кредиттік рейтингі немесе оған сәйкес келетін, Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген, Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген рейтингісі бар ұйым болып табылады;

      акциялары Қазақстан Республикасының қор биржасының және (немесе) Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген тізбеге сәйкес қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген ұйым болып табылады;

      заңды тұлғаның өзі орналасқан жерінің қаржылық қадағалау ұйымынан қаржы ұйымының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растамасы бар.

      3. Заңды тұлғада Қағидалардың 1-тармағында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банктік қарызды және (немесе) банк кепілдігін Заңның 8-1-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, заңды тұлға мынадай ақпаратты жария еткен кезде береді:

      1) үлестес (байланысты) тараптармен ақпарат ұсынылған күннің алдындағы соңғы тоқсан ішінде жүргізілген, сондай-ақ ақпарат ұсыну күнінің алдындағы күні қолданыстағы қомақты операциялар және операциялар туралы.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қомақты операциялар деп нәтижесінде құны заңды тұлғаның қаржылық есептілікте көрсетілген активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иеліктен алынуы мүмкін) операцияларды (өзара байланысты операциялардың жиынтығы) түсіну керек;

      2) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының он және одан көп пайызын тікелей иелік ететін, жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін тұлғалар, сондай-ақ олардың үлестес (байланысты) тұлғалары туралы, көрсетілген тұлғалардың заңды тұлға құжаттар ұсынған күнгі құқықтарын куәландыратын тиісті құжатпен расталған.

      Осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген тұлғалар заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының он және одан көп пайызын иелік ету мақсаттарын, сондай-ақ егер бар болса, заңды тұлғаның активтерін сату, заңды тұлғаның қызметін немесе басқаруды қайта ұйымдастыру немесе айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарларды және ұсыныстарды жария етуі тиіс;

      3) дебиторлық және кредиторлық берешекте басым үлес тиесілі болатын дебиторлар мен кредитор туралы, тиісті құжаттармен расталған.

      Осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген басым үлес деп он және одан көп пайыздағы мөлшерді түсінуі керек;

      4) Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғаның активтері және Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелер туралы. Бұл ретте заңды тұлғаның активтерінің кемінде екіден бірі Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған, тиісті құжаттармен расталған активтермен берілген.

      Ереженің 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжаттар заңды тұлға құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнтізбелік отыз күннен аспайтын күні ұсынылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банктік қарыз және (немесе)
банк кепілдігін алу мақсаттары
үшін заңды тұлғаның ақпаратты
жария ету қағидаларына
1-қосымша

Халықаралық ұйымдардың тізімі

      1. Азия даму банкі.

      2. Африка даму банкі.

      3. Халықаралық есеп айырысулар банкі.

      4. Еуропа қайта құру және даму банкі.

      5. Еуропа инвестициялық банкі.

      6. Еуразия даму банкі.

      7. Ислам даму банкі.

      8. Америкааралық даму банкі.

      9. Халықаралық қайта құру және даму банкі.

      10. Халықаралық қаржы корпорациясы.

  Банктік қарыз және (немесе)
банк кепілдігін алу мақсаттары
үшін заңды тұлғаның ақпаратты
жария ету қағидаларына
2-қосымша

Рейтингілердің салыстырмалы кестесі

Standard and Poors

Moody's Investors Service

Fitch

Dominion Bond Rating Service (DBRS)

Japan Credit Rating Agency (JCR)

Rating and Investment Information (R&І)

Capital Intel- ligence

1.

ААА

Ааа

ААА

ААА

AAA

AAA

AAA

2.

АА+

Aa1

АА+

AAH

AA+

AA+

AA+

3.

АА

Аа2

АА

АА

AA

AA

AA

4.

АА-

Аа3

АА-

AAL

AA-

AA-

АА-

5.

А+

A1

А+

АH

A+

A+

A+

6.

А

А2

А

A

A

A

A

7.

А-

A3

А-

AL

A-

A-

A-

8.

ВВВ+

Baa1

ВВВ+

BBBH

BBB+

BBB+

BBB+

9.

ВВВ

Ваа2

ВВВ

BBB

BBB

BBB

BBB

10.

ВВВ-

Ваа3

ВВВ-

BBBL

BBB-

BBB-

BBB-

11.

ВВ+

Ba1

ВВ+

BBH

BB+

BB+

BB+

12.

ВВ

Ва2

BB

BB

BB

BB

BB

13.

ВВ-

Ва3

ВВ-

BBL

BB-

BB-

BB-

  Банктік қарыз және (немесе)
банк кепілдігін алу мақсаттары
үшін заңды тұлғаның ақпаратты
жария ету қағидаларына
3-қосымша

Рейтингілік агенттіктердің тізбесі

      1. Capital Intelligence.

      2. Dominion Bond Rating Service (DBRS).

      3. Fitch.

      4. Iараn Сrеdit Rating§ Аgеnсу (IСR).

      5. Moody's Investors Service.

      6. Rating§& Investmеnt Information (R&I).

      7. Standard & Poors.

  Банктік қарыз және (немесе) банк
кепілдігін алу мақсаттары үшін
заңды тұлғаның ақпаратты
жария ету қағидаларына 4-қосымша

Халықаралық қор биржаларының тізімі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG);

      2. Америка қор биржасы (American Stock Exchange);

      3. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, ВSE);

      4. Бразилия қор биржасы (Bovespa);

      5. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange);

      6. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing);

      7. Амстердамдағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam);

      8. Брюссельдегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels);

      9. Лиссабондағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon);

      10. Париждегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Paris);

      11. Үндістан қор биржасы (Delhi Stock Exchange);

      12. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Exchange);

      13. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA);

      14. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange);

      15. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia);

      16. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV);

      17. Үндістан Ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited);

      18. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG);

      19. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange);

      20. Испания біріккен қор биржасы (ВМЕ Spanish Exchanges);

      21. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін Біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.);

      22. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange);

      23. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange);

      24. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange);

      25. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange);

      26. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange);

      27. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange);

      28. Афина қор биржасы (Athens Exchange);

      29. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange);

      30. Йоханнесбург (Оңтүстік Африка) қор биржасы (JSE Securities Exchange South Africa);

      31. Копенгаген қор биржасы (Copenhagen Stock Exchange);

      32. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg);

      33. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange);

      34. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal);

      35. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange);

      36. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange);

      37. Осло қор биржасы (Oslo bourse);

      38. Ресей Федерациясының қор биржасы (ОАО ММВБ-РТС);

      39. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ);

      40. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange);

      41. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange);

      42. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange);

      43. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange);

      44. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange);

      45. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange).

Об утверждении Правил раскрытия информации юридическим лицом для целей получения банковского займа и (или) банковской гарантии

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 мая 2012 года № 194. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июля 2012 года № 7781.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила раскрытия информации юридическим лицом для целей получения банковского займа и (или) банковской гарантии.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого его официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Г. Марченко


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 28 мая 2012 года № 194

Правила
раскрытия информации юридическим лицом для целей
получения банковского займа и (или) банковской гарантии

      Настоящие Правила раскрытия информации юридическим лицом для целей получения банковского займа и (или) банковской гарантии (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон) и определяют порядок раскрытия информации юридическим лицом для целей получения банковского займа и (или) банковской гарантии.

      1. Под юридическим лицом, имеющим намерение получить банковский заем и (или) банковскую гарантию в соответствии с подпунктом 9) пункта 2 статьи 8-1 Закона, понимается лицо, которое раскрывает информацию о лицах, в совокупности владеющих прямо или косвенно более пятьюдесятью процентами долей участия в уставном капитале либо размещенных (за вычетом привилегированных и выкупленных обществом) акций данного юридического лица, посредством представления одного (одних) из следующих документов (сведений):

      1) копии учредительных документов;

      2) копии выписок из реестра акционеров (участников);

      3) копии выписок из торгового реестра (реестра акционеров или иного аналогичного документа, предусмотренного законодательством государства, в котором зарегистрирован нерезидент) с указанием учредителей (участников) и мажоритарных акционеров юридического лица-нерезидента;

      4) сведений, размещенных на интернет-ресурсе фондовой биржи, осуществляющей деятельность на территории Республики Казахстан либо иностранного государства, либо электронных систем (типа REUTERS, Bloomberg);

      5) финансовой отчетности на последнюю отчетную дату, подтвержденной аудиторской организаций;

      6) копии проспекта выпуска ценных бумаг или иного аналогичного документа, предусмотренного законодательством государства, в котором зарегистрировано юридическое лицо - нерезидент, подтверждающего выпуск ценных бумаг;

      7) сведений, размещенных на интернет-ресурсе уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций либо органа финансового надзора страны местонахождения юридического лица, владеющего прямо или косвенно долями участия в уставном капитале либо размещенными (за вычетом привилегированных и выкупленных обществом) акциями юридического лица, либо на интернет-ресурсе депозитария финансовой отчетности, определенного в соответствии с законодательством Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности;

      8) сведений, представленных финансовой организацией либо юридическим лицом-нерезидентом Республики Казахстан, имеющим статус банка, страховой организации, пенсионного фонда, профессионального участника рынка ценных бумаг, или являющимся организацией, осуществляющей кастодиальную деятельность, деятельность по доверительному управлению имуществом.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правления Национального Банка РК от 28.01.2016 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В совокупную долю лиц, владеющих прямо или косвенно более пятьюдесятью процентами долей участия в уставном капитале либо размещенных (за вычетом привилегированных и выкупленных обществом) акций юридического лица, включаются доли физических лиц и (или) юридических лиц, соответствующих одному из следующих критериев:

      контролируется Правительством Республики Казахстан, местным исполнительным органом либо иностранным государством;

      является международной организацией согласно приложению 1 к Правилам;

      является организацией, имеющей индивидуальный кредитный рейтинг не ниже присвоенного Республике Казахстан суверенного рейтинга или соответствующего ему рейтинга, указанного в приложении 2 к Правилам, присвоенный одним из рейтинговых агентств, указанных в приложении 3 к Правилам;

      является организацией, чьи акции включены в официальный список фондовой биржи Республики Казахстан и (или) фондовых бирж, согласно перечню, установленному приложением 4 к Правилам;

      имеется письменное подтверждение от органа финансового надзора страны происхождения юридического лица о том, что юридическое лицо уполномочено осуществлять финансовую деятельность в рамках законодательства данной страны.

      3. В случае отсутствия у юридического лица информации, предусмотренной в пункте 1 Правил, банк, филиал банка-нерезидента Республики Казахстан предоставляет банковский заем и (или) банковскую гарантию в соответствии с подпунктом 9) пункта 2 статьи 8-1 Закона, при раскрытии юридическим лицом следующей информации:

      1) о значительных операциях и операциях с аффилиированными (связанными) лицами, заключенных в течение последнего квартала, предшествующего дате представления информации, а также действующих на дату, предшествующей дате представления информации.

      Под значительными операциями, указанными в абзаце первом настоящего подпункта, следует понимать операции (совокупность взаимосвязанных между собой операций), в результате которой (которых) приобретается или отчуждается (приобретено или отчуждено) имущество, стоимость которого составляет двадцать пять и более процентов от общего размера балансовой стоимости активов юридического лица, отраженных в финансовой отчетности;

      2) о лицах, прямо владеющих десятью и более процентами долей участия в уставном капитале либо размещенных (за вычетом привилегированных и выкупленных обществом) акций юридического лица, в совокупности владеющих более пятьюдесятью процентами долей участия в уставном капитале либо размещенных (за вычетом привилегированных и выкупленных обществом) акций юридического лица, подтвержденную соответствующим документом, удостоверяющим права указанных лиц на дату представления документов юридическим лицом, а также их аффилиированных (связанных) лицах.

      Указанными в абзаце первом настоящего подпункта лицами раскрываются цели владения десятью и более процентами долей участия в уставном капитале либо размещенных (за вычетом привилегированных и выкупленных обществом) акций юридического лица, а также планы и предложения, если таковые имеются, по продаже активов юридического лица, реорганизации или внесению значительных изменений в деятельность или управление юридического лица;

      3) о дебиторах и кредиторах, на которых приходится преобладающая доля в дебиторской и кредиторской задолженности, подтвержденная соответствующими документами.

      Под преобладающей долей, указанной в абзаце первом настоящего подпункта, следует понимать размер в десять и более процентов;

      4) об активах юридического лица на территории Республики Казахстан и обязательствах перед резидентами Республики Казахстан. При этом не менее одной второй части активов юридического лица представлены активами, находящимися на территории Республики Казахстан, подтвержденными соответствующими документами.

      Документы, предусмотренные подпунктами 2) и 3) пункта 1, а также подпунктом 3) пункта 3 Правил, представляются на дату, не более чем за тридцать календарных дней предшествующей дате представления документов юридическим лицом.

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 17.02.2021 № 34 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1 к Правилам
раскрытия информации
юридическим лицом для целей
получения банковского займа
и (или) банковской гарантии

Список
международных организаций

      1. Азиатский банк развития.

      2. Африканский банк развития.

      3. Банк международных расчетов.

      4. Европейский банк реконструкции и развития.

      5. Европейский инвестиционный банк.

      6. Евразийский банк развития.

      7. Исламский банк развития.

      8. Межамериканский банк развития.

      9. Международный банк реконструкции и развития.

      10. Международная финансовая корпорация.

  Приложение 2 к Правилам
раскрытия информации
юридическим лицом для целей
получения банковского займа
и (или) банковской гарантии

Сравнительная таблица рейтингов

Standard

and Poors

Moody's

Investors

Service

Fitch

Dominion

Bond

Rating

Service

(DBRS)

Japan

Credit

Rating

Agency

(JCR)

Rating

and

Investment

Information

(R&І)

Capital

Intel-

ligence

1.

ААА

Ааа

ААА

ААА

AAA

AAA

AAA

2.

АА+

Aa1

АА+

AAH

AA+

AA+

AA+

3.

АА

Аа2

АА

АА

AA

AA

AA

4.

АА-

Аа3

АА-

AAL

AA-

AA-

АА-

5.

А+

A1

А+

АH

A+

A+

A+

6.

А

А2

А

A

A

A

A

7.

А-

A3

А-

AL

A-

A-

A-

8.

ВВВ+

Baa1

ВВВ+

BBBH

BBB+

BBB+

BBB+

9.

ВВВ

Ваа2

ВВВ

BBB

BBB

BBB

BBB

10.

ВВВ-

Ваа3

ВВВ-

BBBL

BBB-

BBB-

BBB-

11.

ВВ+

Ba1

ВВ+

BBH

BB+

BB+

BB+

12.

ВВ

Ва2

BB

BB

BB

BB

BB

13.

ВВ-

Ва3

ВВ-

BBL

BB-

BB-

BB-

  Приложение 3 к Правилам
раскрытия информации
юридическим лицом для целей
получения банковского займа
и (или) банковской гарантии

Перечень рейтинговых агентств

      1. Capital Intelligence.

      2. Dominion Bond Rating Service (DBRS).

      3. Fitch.

      4. Iараn Сrеdit Rating§ Аgеnсу (IСR).

      5. Moody's Investors Service.

      6. Rating§& Investmеnt Information (R&I).

      7. Standard & Poors.

  Приложение 4 к Правилам
раскрытия информации
юридическим лицом для целей
получения банковского займа
и (или) банковской гарантии

Список международных фондовых бирж

      Сноска. Приложение 4 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 28.01.2016 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Австрийская фондовая биржа (Wiener bourse AG);

      2. Американская фондовая биржа (American Stock Exchange);

      3. Бомбейская фондовая биржа (The Bombay Stock Exchange Limited, BSE);

      4. Бразильская фондовая биржа (Bovespa);

      5. Варшавская фондовая биржа (Warsaw Stock Exchange);

      6. Гонконгская фондовая биржа (Hong Kong Exchanges and Clearing);

      7. Европейская фондовая биржа "Евронекст" в Амстердаме (Euronext Amsterdam);

      8. Европейская фондовая биржа "Евронекст" в Брюсселе (Euronext Brussels);

      9. Европейская фондовая биржа "Евронекст" в Лиссабоне (Euronext Lisbon);

      10. Европейская фондовая биржа "Евронекст" в Париже (Euronext Paris);

      11. Индийская фондовая биржа (Delhi Stock Exchange);

      12. Ирландская фондовая биржа (Irish Stock Exchange);

      13. Итальянская фондовая биржа (Borsa Italiana SPA);

      14. Лондонская фондовая биржа (London Stock Exchange);

      15. Малазийская фондовая биржа (Bursa Malaysia);

      16. Мексиканская фондовая биржа (Bolsa Mexicana de Valores, BMV);

      17. Национальная фондовая биржа Индии (National Stock Exchange of India Limited);

      18. Немецкая фондовая биржа (Deutsche bourse AG);

      19. Нью-Йоркская фондовая биржа (New York Stock Exchange);

      20. Объединенная фондовая биржа Испании (ВМЕ Spanish Exchanges);

      21. Объединенная фондовая биржа, в состав которой входят биржи Стокгольма, Хельсинки, Таллина и Риги (Hex Integrated Markets Ltd.);

      22. Сингапурская фондовая биржа (Singapore Exchange);

      23. Стамбульская фондовая биржа (Istanbul Stock Exchange);

      24. Стокгольмская фондовая биржа (Stockholm Exchange);

      25. Токийская фондовая биржа (Tokyo Stock Exchange);

      26. Филиппинская фондовая биржа (Philippine Stock Exchange);

      27. Фондовая биржа Австралии (Australian Stock Exchange);

      28. Фондовая биржа Афин (Athens Exchange);

      29. Фондовая биржа Джакарты (Jakarta Stock Exchange);

      30. Фондовая биржа Йоханнесбурга (Южная Африка) (JSE Securities Exchange South Africa);

      31. Фондовая биржа Копенгагена (Copenhagen Stock Exchange);

      32. Фондовая биржа Люксембурга (Bourse de Luxembourg);

      33. Фондовая биржа Мальты (Malta Stock Exchange);

      34. Фондовая биржа Монреаля (Bourse de Montreal);

      35. Фондовая биржа Новой Зеландии (New Zealand Exchange);

      36. Фондовая биржа Осаки (Osaka Securities Exchange);

      37. Фондовая биржа Осло (Oslo bourse);

      38. Фондовая биржа Российской Федерации (ОАО ММВБ-РТС);

      39. Фондовая биржа США (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ);

      40. Фондовая биржа Торонто (Toronto Stock Exchange);

      41. Фондовая биржа Швейцарии (SWX Swiss Exchange);

      42. Франкфуртская фондовая биржа (Frankfurt Stock Exchange);

      43. Шанхайская фондовая биржа (Shanghai Stock Exchange);

      44. Шэньчженьская фондовая биржа (Shenchzhen Stock Exchange);

      45. Южнокорейская фондовая биржа (Korea Stock Exchange).