Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 ақпанда № 22239 болып тіркелді

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 331-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 760-бабы 1-2-тармағының төртінші бөлігіне, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, 13-1-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 8) тармақшасына, 20-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне, 31-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне, 39-бабы 2-тармағының сегізінші бөлігіне, 45-1-бабының 6-тармағына, 55-бабының 2-тармағына, 61-5-бабы 7-тармағының екінші бөлігіне, 61-6-бабы 4-тармағының алтыншы бөлігіне, 61-7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацына, 74-5-бабы 5-тармағының он екінші бөлігіне, 75-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, 30-1-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 8) тармақшасына, 34-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне, 36-2-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, 36-3-бабына, 53-1-бабының 6-тармағына, 76-бабының 2-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасына, 13-6-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына және екінші бөлігіне, 13-6-бабының бірінші бөлігінің 4) тармақшасына және екінші бөлігіне, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасына, 30-1-бабының 2-тармағына, 30-3-бабының 2-тармағына, "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 17 ақпандағы
№ 34 Қаулыға
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы туралы өтініш нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4430 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосылуы туралы өтініш нысанын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосылуы туралы өтініш нысаны бекітілсін.";

      қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 51 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5664 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда "Заң газеті" газетінде № 80 (1503) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 74-1-бабының 3-тармағына, 74-5-бабы 5-тармағының он екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 74-1-бабының 3-тармағына, 74-5-бабы 5-тармағының он екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) депозитор – инвестициялық депозит туралы шарт жасасқан, таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының клиенті;

      2) инвестициялық депозит – инвестициялық депозит туралы шартта көзделген тәртіппен берілген ақшаны қолдану нәтижесіне байланысты ол бойынша кіріс төлеу талабымен, клиент ислам банкіне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкіне номиналды көрсетілімде қайтару кепілісіз тиісті мерзімге беретін ақша;

      3) ислам банкі – уәкілетті органның лицензиясы негізінде, Банктер туралы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      4) қабылдайтын ислам банкі – тарату комиссиясы таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының мүлкі мен міндеттемелерін оларға беруге таңдаған ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі;

      5) тарату комиссиясы – ислам банкін, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалын мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган тағайындайтын (босататын) не ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі оларды ерікті таратуға (ерікті тоқтатуға) рұқсат алғанда тағайындайтын, тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен ислам банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының істерін аяқтау және кредиторлармен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) рәсімі барысында ислам банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының мүлкін және істерін басқару бойынша өкілеттікті жүзеге асыратын орган;

      6) таратылатын ислам банкі – мәжбүрлеп не ерікті тарату процесіндегі ислам банкі, қызметі мәжбүрлеп не ерікті тоқтату процесіндегі Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы;

      7) таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелері – инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлік;

      8) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдау жөніндегі ұсынысты жіберу күнінде Банктер туралы заңның 46-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, 47-1-тармағында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының болмауы;";

      12-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкінің толық атауы (ислам банктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес);

      2) қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкінің тіркелген (ислам банктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес) немесе нақты орналасқан орны;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қабылдайтын ислам банкі басқармасының бірінші басшысының және бас бухгалтерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалының басшы қызметкерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің қабылдайтын филиалының бас бухгалтерінің), таратылатын ислам банкінің тарату комиссиясы төрағасының және бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қабылдау-өткізу актісін тарату комиссиясы қабылдайтын ислам банкі, тарату комиссиясы, уәкілетті орган үшін бір дана етіп үш данада жасайды, оған тарату комиссиясының төрағасы және бас бухгалтері, қабылдайтын ислам банкі басқармасының бірінші басшысы және бас бухгалтері (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің қабылдайтын филиалының бас бухгалтері) қол қояды және қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкі мөрінің бедерімен расталады.".

      3. "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7525 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды белгілеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) басқару органы – екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру брокерлерін қоспағанда) Директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің тиісті басқару органы;

      2) белгіленген сыйақы – қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбек нормаларын орындағаны үшін қызметкердің біліктілігі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны, сапасы мен талаптары ескеріле отырып төленетін еңбекақының (тұрақты жалақының) белгіленген мөлшері;

      3) белгіленбеген сыйақы – қаржы ұйымының белгіленген сыйақыдан басқа жұмыс нәтижелеріне қарай төлейтін қаржы ұйымының акцияларын қоса алғандағы, ақшалай сыйақылардың, қосымша ақылардың, үстемеақылардың, сыйлықақылардың, бонустардың және материалдық көтермелеулердің басқа түрлерінің басқа нысандары;

      4) қаржы ұйымы – екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары;

      5) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.";

      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) басқару органының мүшелері болып табылатын барлық тәуелсіз директорлардың келісімі болған кезде басқару органы (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру брокерлерінің қызметіне қолданылмайды) бекітеді.".

      4. "Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7781 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 290-291жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларында:

      3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңды тұлғада Қағидалардың 1-тармағында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банктік қарызды және (немесе) банк кепілдігін Заңның 8-1-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, заңды тұлға мынадай ақпаратты жария еткен кезде береді:".

      5. "Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8003 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінде № 16-20 (27959) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды және қызметінің айрықша түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілікті жариялау тәртібін, тізбесін және мерзімдерін белгілейді.";

      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарына халықаралық стандарттарға сәйкес келетін мынадай қаржылық есептілікті жариялайды:

      1) бухгалтерлік есептің деректері бойынша жылдық есептілік;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі, аудиторлық есепте берілген мәліметтердің дәйектілігін аудиторлық ұйым растағаннан және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бекіткеннен кейінгі аудиторлық есеп;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері бекіткен Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі, сондай-ақ, онда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайтын, тексерілетін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінен, олардың акционерлерінен (қатысушыларынан) және аудиторлық ұйымның басшы қызметкерлерінен тәуелсіз аудиторлық есеп.

      6. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру ұйымдарының филиалдары жыл сайын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде аудиторлық есепті қосымша жариялайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктерінің филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті жариялайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерлерінің филиалдары олардың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру брокерлерінің бухгалтерлік есеп деректері және есептілігі бойынша есептілік жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидалардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынады.".

      6. "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 190-191 (27464-27465) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3 және 13-тармақтарын, 8-1-бабының 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларын, 11-1-бабының 14-тармағын, 13-1-бабының 2-тармағының 8) тармақшасын, 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабының 1 және 6-1-тармақтарын, 18-бабының 1-тармағын, 20-бабының 15-тармағын, 30-бабының 12-тармағын, 40-бабының 9-тармағын, 44-бабының 5-тармағын, 45-бабының 7-тармағын, 52-12-бабының 3-тармағын және 60-бабының 7-тармағын, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 26-бабының 1-тармағын, 32-бабының 14-тармағын, 34-бабының 15-тармағын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мынадай Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғалар үшін халықаралық шәкіл бойынша Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "ВВВ"-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі белгіленсін:

      банк холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар не олардың бас ұйымдары;

      сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар;

      банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғаларды не олардың бас ұйымдарын;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар үшін;

      Қазақстан Республикасында еншілес банктер құратын (еншілес банктері бар) банктер;

      Қазақстан Республикасында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;

      Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалдарын ашатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті- банктері;

      Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалдарын ашатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары.".

      7. "Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 88 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11650 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидаларында:

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы (бұдан әрі - ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) исламдық сақтандыру қорын сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша мынадай кірістер мен түсімдер:".

      8. "Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 90 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11661 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының (бұдан әрі – исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алу тәртібін айқындайды.".

      9. "Банкке клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 288 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14659 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкке клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына (бұдан әрі – банк) клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөнінде банк пен банкке қызмет көрсететін тұлғаның арасында жасалған шарт (келісім) негізінде банкке қызмет көрсететін тұлға қызметінің тәртібін белгілейді.".

      10. "Борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісім нысанын және Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 310 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14776 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кредиттік бюроға беруіне келісім нысанын және Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кредиттік бюроға беруіне келісім нысаны";

      1-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру қағидаларында:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кредиттік бюро банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті Заңның 29-бабының 1-тармағында және 30-3-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша оны алуға құқығы бар, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы пайдасына банк кепілдігі мен кепілгерлігін шығарған тұлғаның (бұдан әрі – кредиттік есепті алушы) сұратуы бойынша береді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кредиттік бюро сұрату кредиттік бюроға келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті алушыға борышкер кредитор тұлғаның пайдасына шығарылған банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы есепті береді, онда Заңның 30-1 бабының 3-тармағында көзделген ақпараттан басқа банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиттік бюроға олардың арасында ақпарат беру туралы жасалған шарттың негізінде ұсынатын ақпарат қамтылады.".

      11. "Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14615 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидалары"

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру тәртібін белгілейді.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банктер банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беруді борышкер тұлғаның өтініші бойынша Қағидаларда, Қазақстан Республикасының азаматтық және банктік заңнамасында және банктің директорлар кеңесі не Қазақстан Республикасы бейреидент-банкіңің тиісті басқару органы бекіткен операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидаларда айқындалған талаптарды есепке ала отырып жүзеге асырады.".

      12. "Сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын, оның қолданылу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 119 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15460 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу қағидаларында, оның қолданылу шарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу қағидалары, оның қолданылу шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес әзірленді және банктік қарыз шарттары бойынша, оның ішінде жеке тұлғалармен жасалатын ипотекалық қарыз шарттары (бұдан әрі – шарт) бойынша екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банк) үшін сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібін және оның қолданылу шарттарын айқындайды.".

      13. "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16772 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-5-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі – банк) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді. ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-5-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі – банк) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімін белгілейді.".

      14. "Кредиттік бюроның кредиттік скорингті есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шiлдедегi № 158 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17310 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік бюроның кредиттік скорингті есептеу қағидалары мен шарттарында:

      6-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) өзге ұйымдардың алдында қарыздың, микрокредиттің, кредиттік тәуекелі бар қаржы өнімдері мен қызметтерінің болуы, негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомаларының болуы, сондай-ақ олардың алдында қарыз, микрокредит, кредиттік тәуекелі бар қаржы өнімдері мен қызметтері бойынша мерзімі өткен берешектің болуы және сомасы;".

      15. "Банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын, оның қолданылу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17493 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларында, оның қолданылу шарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары, оның қолданылу шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары (бұдан әрі – банк) үшін жеке және заңды тұлғалармен жасалатын мерзімді немесе жинақ салымдары шарттары (бұдан әрі – шарт) бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі мен қолданылу шарттарын айқындайды.".

      16. "Қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны уәкілетті органның мақұлдау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 250 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17883 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны уәкілетті органның мақұлдау қағидалары мен мерзімдерінде, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны уәкілетті органның мақұлдау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банк депозиторларының және кредиторларының мүдделеріне қауіп және (немесе) қаржылық жүйесінің тұрақтылығына қауіп келтіретін тұрақсыз қаржылық жағдайымен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған банктің (бұдан әрі – банк), бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мақұлдау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктің қаржылық жай-күйін жақсарту бойынша шаралар қабылдау, оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келтіру арқылы тәуекелдерді азайту жөніндегі талап банкке, оның ірі қатысушыларына, банк холдингіне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қолданылады.".

      17. "Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 272 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17789 болып тіркелген 2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы (бұдан әрі - Ипотека туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі (бұдан әрі - Даму Банкі туралы заң), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы (бұдан әрі - Кепілдік беру қоры туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі (бұдан әрі - Мемлекеттік реттеу туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі (бұдан әрі - Кредиттік бюролар туралы заң), "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаны және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаны қоспағанда), банк холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, сақтандыру брокеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, олардың басшы қызметкерлеріне, Қазақстанның Даму Банкіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін белгілейді.";

      3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары - банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банк холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалына сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, олардың басшы қызметкерлеріне, Қазақстанның Даму Банкіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге;

      2) қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар - банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банк холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, олардың басшы қызметкерлеріне, Қазақстанның Даму Банкіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге;";

      19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жазбаша нұсқама үшін - уәжді пайымдау негізінде жазбаша нұсқама нысанында қолданылған қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қоспағанда, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның жазбаша нұсқаманы алған күнінен бастап.

      Жеке немесе заңды тұлғаны банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен, банк холдингімен, сақтандыру холдингімен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп тану туралы талап қамтылатын, оны қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға алған күннен бастап орындалатын жазбаша нұсқаманы қоспағанда, уәжді пайымдау негізінде жазбаша нұсқама нысанында қолданылған қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды орындау Мемлекеттік реттеу туралы заңның 13-5-бабы 4-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес күшіне енген күнінен бастап басталады;".

      18. "Жасалуы банкті төлемге қабілетсіз банктердің санатына жатқызу туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын нарықтық емес талаптармен мәмілелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 275 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17804 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жасалуы банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдарының санатына жатқызу туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын нарықтық емес талаптармен мәмілелердің тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақта:

      бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нәтижесінде банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы (бұдан әрі – банк) залал шегетін және банктің қаржылық жағдайының одан әрі нашарлауына алып келетін, жасалуы бұдан бұрын оның депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызылған банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын мынадай нарықтық емес талаптармен мәмілелердің тізбесі бекітілсін:";

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптары мәміле мөлшері:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын қоспағанда, банк үшін:

      меншікті капиталының мөлшерін қоса алғанда 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеге дейін болатын банктер үшін – банктің меншікті капиталының (банктің мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күніндегі) 2 (екі) және одан көп пайызы;

      меншікті капиталының мөлшері 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден асатын банктер үшін – банктің меншікті капиталының (банктің мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күніндегі) 1 (бір) және одан көп пайызы;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы үшін:

      резерв ретінде қабылданатын активтерінің мөлшерін қоса алғанда 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеге дейін болатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерінің (мәміле жасау туралы шешім қабылдау күніндегі) 2 (екі) және одан көп пайызы;

      резерв ретінде қабылданатын активтерінің мөлшері 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден асатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерінің (мәміле жасау туралы шешім қабылдау күніндегі) 1 (бір) және одан көп пайызы болатын жағдайларға қолданылады.".

      19. "Микроқаржы ұйымы қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мына:

      1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидалары;

      2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесі коэффициентінің шекті мәні 0,5 мөлшерінде бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы ұйымы қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қызметін Заңның 3-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – микроқаржы ұйымы) қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды.".

      20. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21251 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – ұйымдар) ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің (бұдан әрі – жұмыскерлер) құзыретіне қойылатын талаптарды белгілейді.".

      21. "Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 90 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21274 болып тіркелген, 2020 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (бұдан әрі – банк) мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасы
бейрезидент банктері
филиалдарының,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру
брокерлері филиалдарының
және микроқаржылық қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
қызметін реттеу мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 216 қаулысына
қосымша
  Нысан ____________________________
(депозиттерге міндетті кепілдік
беруді жүзеге асыратын
ұйымның атауы)

      Күні 20__ жылғы "____"__________

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі филиалының қосылуы туралы өтініш

      Екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы,

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (бұдан әрі – Банк)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      іс-әрекет жасайтын _________________________________________________________,

      (жарғы, бұйрық, сенімхат немесе басқа құжат)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________ арқылы,

      (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банктің қосылу шартына қосылады.

      Банк қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген, депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияны қоса алғанда, банктік операцияларды жүргізуге арналған 20 _ жылғы "__"______ № ___ лицензияны 20 _ жылғы "__"______ алды.

      Банк "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында және қосылу шартында көзделген қатысушы банктің міндеттемелерін қабылдайды.

      Банк деректемелері:

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес заңды

      тұлғаның атауы/филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу)

      туралы анықтамаға сәйкес Қазақстан Республикасының

      бейрезидент-банкі филиалының атауы)

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама/филиалды

      (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама берілген күн

      __________________________________________________________________________

      (заңды мекенжайы)

      __________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоттың нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (банктік сәйкестендіру коды)

      Бірінші басшы __________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      _______________

      (қолы)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасы
бейрезидент банктері
филиалдарының,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары
филиалдарының,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру
брокерлері филиалдарының
және микроқаржылық қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
қызметін реттеу мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 310 қаулысына
1-қосымша
  Нысан

Борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісімі

      20 __ жылғы "___" _____________

      Жеке тұлға үшін

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туылған

      күні мен жері, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

      мен күні (немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің

      заңнамасында көзделген өзге дербес деректер) Заңды тұлға үшін

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке

      сәйкес толық атауы, орналасқан жері, тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      (немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің

      заңнамасында көзделген, оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін өзге ақпарат)

      Осы өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк,

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы шығарған кепілдіктер немесе

      кепілгерліктер туралы мәліметтерді

      ____________________________________________________________________

      (банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі

      филиалының атауы көрсетіледі)

      банкпен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен жасалған

      ақпарат беру туралы шарттың негізінде __________________________________

      ____________________________________________________________________

      (кредиттік бюроның атауы көрсетіледі)

      _______________________ кредиттік бюроға беруіне келісімін береді.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін: өз қолымен тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса),

      жеке қолы қойылады)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, заңды тұлға осы келісімге

      қол қоюға өкілеттіктер берген адамның қолы, егер адам заңды тұлғаның атынан

      сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын болса, сенімхаттың деректемелерін көрсете

      отырып, сенімхаттың түпнұсқасы қоса беріле отырып қойылады)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (осы келісімді қабылдаған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі

      филиалының атауы, осы келісімді қабылдауға өкілеттіктер берілген адамның тегі,

      аты-жөні және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады