Ескерту. Күші жойылды - ҚР Статистика агенттігі төрағасының м.а. 22.07.2013 № 158 бұйрығымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қолданушылардың назарына!
Осы Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп» (коды 2031101, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп» (коды 2031101, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
Е. Аман ______________
2012 жылғы 8 шілдеде
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 12 шілдеде № 181 бұйрығына 1-қосымша |
|||||||||||||||||
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан |
||||||||||||||||||
Аумақтық органға тапсырылады |
||||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады |
||||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. |
||||||||||||||||||
Статистикалық нысан коды 2031101 |
|
|||||||||||||||||
1-ТҚ |
Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп |
|||||||||||||||||
Айлық |
Есепті кезең |
ай |
жыл |
|||||||||||||||
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар тапсырады (тізім бойынша) |
||||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі - есепті айдан кейінгі 3-күн |
||||||||||||||||||
БСН коды |
1. Тауарды сатып алу көлемі мен бағасы және оны халыққа өткізу бағасын бір өлшем бірлігімен көрсетіңіз
Укажите объемы и цены закупа товара и его реализации населению, за единицу измерения
Тауардың коды* |
Тауардың атауы |
Тауардың өлшем бірлігі |
Тауарды сатып алған (өткізген) күні |
Сатып алу көлемі |
Сатып алу бағасы, теңгемен |
Оператор коды |
Тауарды өткізу көлемі |
Өткізген тауардың нақты бағасы, теңгемен |
||
отандық тауарды |
импорттық тауарды |
отандық тауарды |
импорттық тауарды |
|||||||
А |
Б |
В |
Г |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
__________________________________________
*Тауардың коды осы статистикалық нысанның қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
Код товара указывается согласна приложению к настоящей статистической форме
2. Тауарды сақтау қоймаларының саны және сақтау құнын көрсетіңіз
Укажите количество пунктов хранения и стоимость хранения товара
Тауардың коды* |
Тауардың атауы |
Тауарды сатып алған (өткізген) күні |
Сақтау қоймаларының саны, бірлік |
1 айға сақтау қызметінің құны, 1 тонна/теңгемен |
||
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация |
коммуналдық меншіктегі |
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация |
коммуналдық меншіктегі |
|||
А |
Б |
В |
1 |
2 |
3 |
4 |
Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз.
При необходимости продолжите на дополнительных листах.
Атауы Мекенжайы
Наименование __________________________ Адрес ________________
_______________________________________ ______________________
Электрондық мекенжайы
Электронный адрес _____________________
Орындаушының аты-жөні және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя _________ Телефон ______________
Басшы (Т.А.Ә., қолы)
Руководитель __________________________ (Ф.И.О., подпись)
Бас бухгалтер (Т.А.Ә., қолы)
Главный бухгалтер _____________________ (Ф.И.О., подпись)
М.О.
М.П.
«Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы
мен көлемі туралы есеп» (коды 2031101, индексі 1-ТҚ,
кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық
байқаудың статистикалық нысанына 1-қосымша
Тұрақтандыру қорынан шығарылатын әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік тауарларының тізімі
Атауы |
МЖТЖН* коды |
Өлшем бірлігі |
|
1 |
Бірінші сортты бидай ұны |
01112102 |
килограмм |
2 |
Бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан |
01113003 |
килограмм |
3 |
Вермишель |
01114001 |
килограмм |
4 |
Кеспе |
01114002 |
килограмм |
5 |
Рожкилер |
01114003 |
килограмм |
6 |
Қарақұмық жармасы |
01112202 |
килограмм |
7 |
Сұлы жармасы |
01112203 |
килограмм |
8 |
Ұнтақ жарма |
01112201 |
килограмм |
9 |
Арпа жармасы |
01112204 |
килограмм |
10 |
Сөк |
01112205 |
килограмм |
11 |
Күріш |
01111001 |
килограмм |
12 |
Сиыр еті – жауырын-төс бөлігі |
01121105 |
килограмм |
13 |
Сүйегі бар қой еті |
01121401 |
килограмм |
14 |
Тауық |
01121501 |
килограмм |
15 |
Тауықтың сирағы (сан еті) |
01121504 |
килограмм |
16 |
Пастерленген сүт 2,5% |
01141104.15 |
литр |
17 |
Пастерленген сүт 3,2% |
01141104.18 |
литр |
18 |
Айран 2,5% |
01141302.15 |
литр |
19 |
Айран 3,2% |
01141302.18 |
литр |
20 |
Сүзбе |
01141401 |
килограмм |
21 |
Мәйекті ірімшік |
01141403 |
килограмм |
22 |
Жұмыртқа |
01142001 |
ондық |
23 |
Күнбағыс майы |
01153001 |
литр |
24 |
Тұздалмаған сары май |
01151001 |
килограмм |
25 |
Өсімдік-сары май (спрэд) |
01151004 |
килограмм |
26 |
Картоп |
01172001 |
килограмм |
27 |
Сәбіз |
01171004 |
килограмм |
28 |
Басты пияз |
01171002 |
килограмм |
29 |
Аққауданды қырыққабат |
01171001 |
килограмм |
30 |
Қызылша |
01171003 |
килограмм |
31 |
Құмшекер |
01181001 |
килограмм |
32 |
Тұз |
01199001 |
килограмм |
33 |
Түйiршiктелген қара шай |
01212001 |
килограмм |
______________________________________________
* Мақсаттар бойынша жеке тұтыну жіктеуішіне тауар айқындамасының номенклатурасы.
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2012 жылғы 12 шілдеде
№ 181 бұйрығына
2-қосымша
«Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік
тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі
туралы есеп» (коды 2031101, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі
айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың
статистикалық нысанын толтыру бойынша нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп» (коды 2031101, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:
1) оператор – Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі – ӘКК) және (немесе) тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын халыққа өткізуді жүзеге асыратын оның аффилирлі тұлғасы;
2) өткізу бағасы – бекітілген үстемесімен халыққа сатылған нақты тауардың бағасы;
3) сатып алу бағасы – отандық және (немесе) импорттық өндірілген нақты тауардың қосымша құн салығын және көлік шығыстарын қоса алғандағы бағасы;
4) сатып алу (өткізу) көлемі – сатып алынған (өткізілген) азық-түлік тауарларының натурал өлшемдегі саны.
3. 1, 2 - бөлімдердегі А, Б бағандары және 1-бөлімдегі В бағаны «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп» (коды, индексі 1-ТҚ, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының «Тұрақтандыру қорынан шығарылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі» қосымшасына сәйкес толтырылады.
1 - бөлімдегі А бағанында Тұрақтандыру қорына сатып алынған (өткізілген) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының коды көрсетіледі.
Б бағанында сатып алынған (өткізілген) азық-түлік тауарларының атауы жазылады.
В бағанында сатып алынған (өткізілген) азық-түлік тауарларының өлшем бірлігі көрсетіледі.
Г бағанында азық-түлік тауарларын сатып алған немесе өткізген күні көрсетіледі.
4. Егер азық-түлік тауарларының бір түрі бірнеше рет сатып алынса, онда әрбір сатып алу күндері бөлек жолға жазылады. Егер тауарды бірнеше рет өткізсе, онда өткізген күндері де бөлек жолға жазылады.
5. 1 - бөлімде 1, 2, 6 - бағандары бойынша сатып алынған (өткізілген) азық-түлік тауарларының көлемі бір өлшем бірлігімен көрсетіледі.
3, 4 - бағандары бойынша отандық және (немесе) импорттық өндірілген нақты тауардың қосымша құн салығын және көлік шығыстарын қоса алғандағы сатып алу бағасы көрсетіледі.
5 - бағанда ӘКК және (немесе) тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын халыққа өткізуді жүзеге асыратын оның аффилирлі тұлғасының коды көрсетіледі.
Оператордың коды келесі тәртіпте беріледі:
1) егер тауарды өткізуді ӘКК өзі жүзеге асырса - «0» коды беріледі;
2) егер ӘКК-нің азық-түлік тауарларын өткізетін бірнеше операторлары болса, онда олар бір санынан басталатын ретпен кодталады;
3) операторлардың коды есепті жыл бойы өзгеріссіз қалады. Егер есепті айда жаңа оператор пайда болса, онда оған соңғы реттік нөмірі беріледі.
7 - бағанда халыққа сатылған тауардың нақты бағасы бекітілген үстемесімен қоса көрсетіледі. Сату бағасы өзгерген жағдайда деректер жеке жолда көрсетіледі.
6. 2 - бөлімдегі 1, 2 - бағандарда ӘКК немесе коммуналдық меншіктегі сақтау қоймаларының саны көрсетіледі. Сақтау қоймаларының саны өзгерген жағдайда, олар туралы деректерді күнін жазып, жаңа жолда көрсетеді.
3, 4 - бағандарда Тұрақтандыру қорына сатып алынған азық-түлік тауарларын бір айға, бір тоннасын сақтау қызметінің құны көрсетіледі.
7. Сатып алу (өткізу) бағасы бүтін санға дейiнгі дәлдікпен көрсетiледi.
8. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1) егер 1 - бөлімдегі Г бағаны толтырылса, онда 1, 3 және 2, 4, 5, 6, 7 - бағандарын толтыру міндетті;
егер 1 - бөлімдегі баған 10, онда баған 30;
егер 1 - бөлімдегі баған 20, онда баған 40;
егер 1 - бөлімдегі баған 60, онда бағандар 50 және 70;
2) егер 2 - бөлімдегі В бағаны толтырылса, онда 1 және 2 бағандарын толтыру міндетті.