2012 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 370-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 қыркүйекте № 7938 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 488-ө-м Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.12.21 № 488-ө-м (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2012 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2012 жылдың 3 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы № 269-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7786 тіркелген және 2012 жылғы 18 тамыздағы «Казахстанская правда» № 276-278, «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 18 тамыздағы № 527-532 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Әлеуметтік көмек департаменті (Н.А. Крюкова) осы бұйрықтың:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
      2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2012 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министрдің
   міндетін атқарушы                            Г. Әбдіқалықова

Об определении черты бедности на 4 квартал 2012 года

Приказ и.о. Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 сентября 2012 года № 370-ө-м. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 сентября 2012 года № 7938. Утратил силу приказом Министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 21 декабря 2012 года № 488-Ө-М

      Сноска. Утратил силу приказом Министр труда и социальной защиты населения РК от 21.12.2012 № 488-Ө-М (вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 01.01.2013).

      В целях установления критерия оказания социальной помощи малообеспеченным гражданам Республики Казахстан для определения размера адресной социальной помощи в соответствии с пунктом 4 Правил определения черты бедности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2000 года № 537, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Определить черту бедности на 4 квартал 2012 года по Республике Казахстан в размере 40 процентов от прожиточного минимума, рассчитанного за истекший квартал Агентством Республики Казахстан по статистике.
      2. Признать утратившим силу приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июня 2012 года № 269-0-М «Об определении черты бедности на 3 квартал 2012 года» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7786 и опубликованный в газетах «Казахстанская правда» от 18 августа 2012 года, № 276-278; «Егемен Қазақстан» от 18 августа 2012 года № 527-532).
      3. Департаменту социальной помощи (Крюкова Н.А.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование в установленном законодательством порядке;
      2) доведение настоящего приказа до областных, гг. Астана и Алматы управлений координации занятости и социальных программ.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Ахметова С. А.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 октября 2012 года.

      Исполняющий обязанности
      Министра                                   Г. Абдыкаликова