2013 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 488-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8213 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 125-ө-м Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.03.2013 № 125-ө-м бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2012 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 370-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7938 тіркелген және 2012 жылғы 10 қазандағы «Казахстанская правда» № 346-347, 2012 жылғы 10 қазандағы «Егемен Қазақстан» № 659-664 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Әлеуметтік көмек департаменті (Н.А. Крюкова) осы бұйрықтың:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
      2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    С. Әбденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады