Нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 318 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7952 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 208 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 208 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-тарауы 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. "Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасы міндетін атқарушының 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 107 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3598 тіркелді, "Заң газетінде" 2005 жылғы 7 қазандағы № 121-122 (746) жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 318 бұйрығымен
бекітілді

Нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату
және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      3. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) пайдаланушыларға нормативтік техникалық құжаттар туралы толық, анық және өзектендірілген ақпаратты ұсынады.

2. Нормативтік техникалық қағидаларын ресми басылымдарын тарату
және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібі

      4. Мемлекеттік органдар нормативтік техникалық құжаттарды, сондай-ақ олар туралы ақпаратты ақысыз негізінде ұсынуға арналған сұрауларды қажетті негіздемемен бірге уәкілетті органға жібереді.

      Мүдделі жеке және заңды тұлғалар сұрауларды, сондай-ақ шарттық негізіндегі және нормативтік техникалық құжаттарды, олар туралы ақпаратты ұсынуға арналған абонементтік қызмет көрсету бойынша сұрауларды уәкілетті органға жібереді.

      5. Сұрауларда нормативтік техникалық құжаттардың қажет етілетін мәліметтерінің құрамын (нормативтік техникалық құжаттардың атауы мен белгіленуі, қажетті даналар саны, орындаушының аты-жөні, телефон нөмірі, факстың нөмірі, ұйым туралы мәліметтер) бір мәнді анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттарды, сондай-ақ Қағидалардың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну тәсілін қамтиды.

      6. Сұрау құжаттамамен қамтамасыз ету қызметіне келіп түскен күні онда тіркеледі және уәкілетті орган басшысына қарауға беріледі.

      7. Уәкілетті орган басшысы сұрау бойынша нормативтік техникалық құжатты, сондай-ақ олар туралы ақпаратты ұсынуға жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындайды.

      8. Орындаушы нормативтік техникалық құжатты, сондай-ақ олар туралы ақпаратты дайындайды және оны өтінім берушіге жібереді.

      9. Нормативтік техникалық құжаттар және олар туралы ақпарат қағаз тасығышта немесе электрондық түрде ұсынылады және мыналар арқылы жеткізіледі:

      1) почта байланысы;

      2) курьерлік жеткізу;

      3) электрондық почта;

      4) факсимильды байланыс.

      10. Сұрауға сәйкес нормативтік техникалық құжатты ұсынудан бас тарту, егер сұрау бойынша сұралып отырған нормативтік техникалық құжаттардың құрамын бір мәнді анықтауға мүмкін болмаса ресімделеді.

      11. Егер сұрау сұралып отырған нормативтік техникалық құжаттардың құрамын бір мәнді анықтауға мүмкіндік бермесе, орындаушы қажет етілетін мәліметтерді телефон арқылы анықтайды. Осы мәселені телефон арқылы шешу мүмкін болмаса, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.

      12. Нормативтік техникалық құжаттардың болуы және мерзімі туралы, нормативтік техникалық құжаттарға енгізілген өзгерістер (өзектендіру), түзетулер, ауыстыру және күшін жою туралы, нормативтік техникалық құжаттардың әзірлеушілері туралы және оларды бекіту туралы ақпарат, нормативтік техникалық құжаттар туралы библиографиялық ақпарат уәкілетті органның ресми баспаларында және жалпы пайдаланылатын ақпараттық жүйелерінде (www.memst.kz) жария етіледі.

      13. Нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға қағаз тасығышта ұсыну сұрау алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күні ішінде жүзеге асырылады.

      14. Нормативтік техникалық құжаттардың электронды түріндегі нұсқасымен қамтамасыз ету сұрау алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      15. Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайда, орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша жауап дайындайды.

Об утверждении Правил распространения и обеспечения пользователей официальными изданиями нормативных технических документов

Приказ Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 14 сентября 2012 года № 318. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 октября 2012 года № 7952. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 11 апреля 2019 года № 208 ( вводится в действие с 11.04.2019)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 11.04.2019 № 208 (вводится в действие с 11.04.2019).

      В соответствии с подпунктом 8-1) части первой статьи 7 Закона Республики Казахстан "О техническом регулировании", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила распространения и обеспечения пользователей официальными изданиями нормативных технических документов.

      2. Признать утратившим силу приказ и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 15 апреля 2005 года № 107 "Об утверждении правил издания и обеспечения пользователей стандартами и нормативными документами по стандартизации, метрологии, сертификации, аккредитации, каталогами и указателями стандартов и информацией о них" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3598, опубликован в "Юридической газете" от 14 октября 2005 года № 190-191 (924-925)).

      3. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан (Сатбаеву Р.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан Тулеушина К.А.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Министр

А. Исекешев


  Утверждены
приказом Министра
индустрии и новых технологий
Республики Казахстан
от 14 сентября 2012 года № 318

Правила распространения и обеспечения пользователей
официальными изданиями нормативных технических документов
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила распространения и обеспечения пользователей официальными изданиями нормативных технических документов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 8-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О техническом регулировании".

      2. Правила определяют порядок распространения и обеспечения пользователей официальными изданиями нормативных технических документов.

      3. Уполномоченный орган в области технического регулирования (далее – уполномоченный орган) предоставляет пользователям полную, достоверную и актуализированную информацию о нормативных технических документах.

2. Порядок распространения и обеспечения пользователей
официальными изданиями нормативных технических документов

      4. Государственные органы направляют запросы на предоставление на безвозмездной основе нормативных технических документов, а также информации о них в уполномоченный орган с обоснованием необходимости.

      Заинтересованные физические и юридические лица направляют запросы, а также запросы на договорной основе и по абонементному обслуживанию на предоставление нормативных технических документов и информации о них в уполномоченный орган.

      5. Запросы содержат информацию, позволяющую однозначно определить состав требуемых сведений нормативного технического документа (наименование и обозначение нормативного технического документа, необходимое количество экземпляров, фамилию исполнителя, номер телефона, номер факса, сведения об организации), а также способ предоставления документов согласно пункту 9 Правил.

      6. Запрос регистрируется в день его поступления службой документационного обеспечения и передается на рассмотрение руководству уполномоченного органа.

      7. Руководитель уполномоченного органа определяет ответственного исполнителя за предоставление нормативного технического документа, а также информации о них по запросам (далее - исполнитель).

      8. Исполнитель подготавливает нормативный технический документ, а также информацию о них и направляет его заявителю.

      9. Нормативные технические документы и информация о них могут быть представлены на бумажном носителе или в электронном виде и доставлены посредством:

      1) почтовой связи;

      2) курьерской доставки;

      3) электронной почты;

      4) факсимильной связи.

      10. Отказ в предоставлении нормативного технического документа согласно запросу оформляется в случаях, если по запросу невозможно однозначно определить состав запрашиваемых нормативных технических документов.

      11. В случае если запрос не позволяет однозначно определить состав запрашиваемых нормативных технических документов, исполнитель уточняет требуемые сведения по телефону. При невозможности разрешения данного вопроса по телефону уполномоченный орган дает письменный ответ с указанием причин отказа.

      12. Информация о наличии и сроках действия нормативных технических документов, о внесенных изменениях (актуализациях), поправках, замене и отмене нормативных технических документов, о разработчиках нормативных технических документов и об их утверждениях, библиографическая информация о нормативных технических документах публикуется в официальном печатном издании уполномоченного органа и в информационной системе общего пользования (www.memst.kz).

      13. Предоставление официальных изданий нормативных технических документов на бумажном носителе государственным органам, физическим и юридическим лицам осуществляется в течение 15 (пятнадцати) календарных дней со дня получения запроса.

      14. Обеспечение электронными аналогами нормативных технических документов осуществляется в течение 3 (трех) рабочих дней со дня получения запроса.

      15. В случае, предусмотренном пунктом 11 Правил, исполнитель в течение 3 (трех) рабочих дней со дня получения запроса направляет письменный ответ с указанием причин отказа.