Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 107 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3598. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 318 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.09.14 № 318 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Талғат Амангелдіұлы Момышевқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға
      міндетін атқарушы

Техникалық реттеу және   
метрология жөніндегі    
комитет Төрағасының м.а.  
2005 жылғы 15 сәуірдегі  
N 107 бұйрығымен     
бекітілді         

  Стандарттарды және стандарттау, метрология,
сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік
құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін
шығару және пайдаланушыларды олармен және олар
туралы ақпаратпен қамтамасыз ету
ЕРЕЖЕСІ

       Ескерту: Ереженің мәтіні бойынша "техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер" деген сөздер сәйкес "техникалық регламенттер" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы  N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін  7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының 15,  20-баптарына сәйкес әзірленді және стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
      Осы ереже талаптары меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) құратын техникалық регламенттер мен стандарттар қорына және олардың құзыреттік шегінде мемлекеттік органдарға және мемлекеттік орган қорларына таратылады.
       Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы  N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін  7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорын уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өздерінің құзыреттіктері шегінде құрады.

      2. Әрбір стандарттың және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және оның бір данасын құжатты әзірлеген тұлға бірыңғай анықтамалық-библиографиялық дерекқорды нысандау үшін уәкілетті органға жібереді.

  2. Стандарттарды және стандарттау, метрология,
сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік
құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін
және олар туралы ақпаратты шығарудың жалпы ережелері

      3. Уәкілетті орган мемлекеттік, халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет ел мемлекеттерінің стандарттарын, стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсыныстарды (бұдан әрі - нормативтік құжаттар), техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін, оның ішінде электронды басылымын шығаруды және таратуды ұйымдастырады.
      Нормативтік құжаттар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми баспа басылымы стандарттардың ақпараттық сілтемесінде және жалпы қолданыстағы ақпараттық жүйесінде жарияланады.
       Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы  N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін  7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      4. Баспа өнімін шығару:
      1) стандарттарды және нормативтік құжаттарды және каталогтарды Стандарттар ісін алғаннан кейін үш айлық мерзім ішінде;
      2) стандарттар және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарға, каталогтарға өзгерістерді уәкілетті орган бекіткен өзгерістер мәтінін алғаннан кейін бір айлық мерзім ішінде орындалады.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы  N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін  7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      5. Бекітілген стандарттар баспа тәсілімен мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады.
      Уәкілетті мемлекеттік техникалық реттеу жөніндегі орган шешімі бойынша стандарттар репрография әдістерімен шығарыла алады.
      Мемлекеттік стандарттардың ресми басылымы (мемлекеттік стандарттар жиынтығы) мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі стандарт нұсқалары бірдей болуы керек. Стандарттың орыс тілдегі нұсқасы мемлекеттік тілдегі стандарт нұсқасынан кейін келеді. Екі нұсқа да жалпы титул бетпен шығарылады, онда стандарт атауынан басқа барлық ақпарат мемлекеттік тілде беріледі. Стандарт атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.
      Терминдер мен анықтамаларды белгілейтін стандарттар да мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі. Бұл жағдайда орыс тілдегі терминдер мемлекеттік тілдегі терминдерден кейін келетін стандарттың тек бір нұсқасы шығарыла алады.
      Жинақта стандарттарды шығарған жағдайда стандарттар жинағына кірген стандарттардың титул беттері мен өзге де құрылымдық элементтері сақталады.
      Стандарттар жинағының арнайы титул беттері мемлекеттік және орыс тілдерінде келетін стандарт (стандарттар) атауынан басқасы мемлекеттік тілде рәсімделеді.
      Мемлекеттік стандарттарды шығарған кезде титул беттің жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының суреті орналастырылады.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы  N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін  7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      6. Қазақстан Республикасы аумағына мемлекетаралық стандарттар мен оларға өзгерістерді енгізгеннен кейін уәкілетті органның мемлекеттік кәсіпорны мемлекетаралық стандарттар мен оларға өзгерістердің қолданысқа енгізілгені және шығарылғаны туралы ақпаратты стандарттардың ай сайынғы ақпараттық сілтемесінде қалыптасқан тәртіпте бір айдан артық емес мерзім ішінде ресми жариялануын жүзеге асырады.

      7. Бекітілгені туралы ресми ақпарат, әрбір стандарттың және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттың, стандарттау каталогтары мен сілтемелерінің бір данасы және электронды түрі мен олар туралы ақпаратты құжатты әзірлеген тұлға уәкілетті органға бірыңғай анықтамалық-библиографиялық дерекқорды құру үшін жібереді.

      8. Республикада қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпарат Қазақстан Республикасының баспа басылымдарында жарияланады.

      9. Ай сайынғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарының ақпараттық сілтеуіші ресми бөлімнен тұрады және уәкілетті органның стандарттау жөніндегі қабылданған мемлекеттік нормативтік құжаттары, оларға өзгерістер мен түзетулер туралы, Қазақстан Республикасы аумағына қабылданған және енгізілген мемлекетаралық нормативтік құжаттар, оларға өзгерістер мен түзетулер, сондай-ақ олардың қолданысқа енгізілу мерзімдері және қосымша ақпараттан тұрады.
      Қосымша ақпарат: халықаралық және мемлекетаралық кеңес отырыстары, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі жұмысшы топтар отырыстары туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа ақпараттан тұрады.

  3. Қолданушыларды стандарттармен және стандарттау,
метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі
нормативтік құжаттармен, стандарттар каталогтары мен
сілтеуіштерімен және олар туралы ақпаратпен
қамтамасыз етудің жалпы ережелері

      10. Стандарттардың және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды: халықаралық стандарттарды, өңірлік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсыныстардың; Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің ресми басылымдарымен қамтамасыз ету мен таратуды тек уәкілетті орган немесе онымен уәкілеттік берілген оның ведомствосына қарасты кәсіпорын жүзеге асырады.
      Стандарттар мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың ресми басылымы мен олардың көшірмелерінде "ресми басылым" деген сөздер астында, нысанын уәкілетті орган белгілейтін техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының мөртабанының жанында голограмма болуы керек.
       Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы  N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін  7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      11. Өзінің құрамында техникалық регламенттер қорына ие ұйымдар өзінің құзыреті шегінде пайдаланушыларды стандарттармен және нормативтік құжаттармен, стандарттар каталогтары мен сілтемелерімен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.

      12. Мүдделі заңды тұлғаларға, техникалық регламенттердің мемлекеттік қорының абоненттері мен пайдаланушыларына ақпарат беру жазбаша өтініштер бойынша қордың ақпараттық жүйесін пайдаланып, сондай-ақ электронды пошта, Интернет халықаралық желісін пайдаланып жүзеге асырылады.

      13. Абонементтік қызмет көрсетілуге келісім-шарт мүдделі заңды және жеке тұлғалармен бір жылдан кем емес мерзімге бекітіледі. Бұл жағдайда абоненттерге мерзімі аяқталған кезде өзгере алатын ағымдағы жылға тұрақты абоненттік нөмір беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады