Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 241 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7955 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін толықтыру үшін құймалар түріндегі тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 121 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7302 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 28 желтоқсанда № 191 (2007) тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы 
№ 241 қаулысымен    
бекітілген       

Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған
алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын (бұдан әрі – басым құқық) іске асыру тәртібін айқындайды.
      2. Толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алынатын бағалы металдардағы активтер Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінің құрамдас бөлігі болып табылады.

2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) басым құқықты іске асыру – Ұлттық Банктің тазартылған алтынды клиенттерден тікелей сатып алуы;
      2) бид-аск (bid-ask) спред – халықаралық нарықтағы сатып алу мен сату бағасы арасындағы айырма;
      3) клиенттер – тазартылған алтынды өткізу кезінде оны Ұлттық Банкке басым тәртіпте ұсынатын өндіру және шығару субъектілері;
      4) сатып алу лимиті – Ұлттық Банктің тазартылған алтынды басым құқықты іске асыру шеңберінде белгілі бір кезеңде сатып алуының ең көп ықтимал көлемі;
      5) сауда тикеті (мәміле паспорты) – бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары жөнінде жасалған шартқа сәйкес тазартылған алтынның нақты лоты жеткізілімінің барлық елеулі талаптарын және өлшемдерін қамтитын, мәміле тараптары қол қоятын құжат;
      6) тазартылған алтын – тазарту кезеңінен өткен және:
      Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде белгіленген талаптарға не Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде өндірілген құймалар;
      шығарылған елінің заңнамасына не Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес дайындалған, таңбаланған және сертификатталған шет елде өндірілген құймалар;
      «Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы
16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Бағалы металдарды, асыл тастарды және бағалы металдары бар шикізат тауарларын Кеден одағының кеден аумағына әкелу және Кеден одағының кеден аумағынан әкету тәртібі туралы ереженің 2-қосымшасында көрсетілген бұйымдарды қоспағанда, құрамында 1000-ға 995 бөліктен кем емес химиялық таза алтын бар өлшеуіш құймалар, пластиналар, түйіршіктер, ұнтақ және басқа нысандар түрінде берілген бағалы металл;
      7) тазартылған алтынды сынау – тазартылған алтынның сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу мақсатында жүргізілетін жұмыстар кешені.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 12 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Басым құқықты іске асыру тәртібі

      4. Клиенттер Ұлттық Банкке тазартылған алтынды өндіру және сату болжамының алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына арналған кестесін – ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған болжамының кестесін – ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін ұсынады.
      5. Ұлттық Банк Төрағасы тазартылған алтынды өндіру және сату болжамын, ақша нарығының жай-күйін, ақша-кредит саясатының көрсеткіштерін және халықаралық қаржы нарықтарының конъюнктурасын негізге ала отырып, алдағы жартыжылдыққа басым құқықты іске асыру шеңберінде сатып алу лимитін бекітеді не алдағы кезеңде (бір айдан жарты жылға дейін) басым құқықты іске асырмау туралы шешім қабылдайды.
      6. Бекітілген сатып алу лимиті шеңберінде Ұлттық Банк тазартылған алтынды өндіру және сату болжамының кестесін ұсынған нақты клиенттен алдағы жартыжылдықта сатып алынатын тазартылған алтынның көлемін айқындайды. Сатып алу көлемдері клиенттерге алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына – ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына – ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жеткізіледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 12 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Егер тазартылған алтынды өндірудің және сатудың күтілетін көлемі Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Ұлттық Банкке жеткізілген тазартылған алтынды өндірудің және сатудың көлемінен асып кеткен жағдайда, клиенттер Ұлттық Банкке тазартылған алтынды өндіру және сату болжамының өзгертілген кестесін қосымша ұсынады.
      Ұлттық Банк тазартылған алтынды өндіру және сату болжамының өзгерген кестесін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде клиентке тиісінше тазартылған алтынды сатып алудың өзгертілген көлемін жеткізеді немесе клиентке бұрын жеткізілген тазартылған алтынды сатып алудың көлемі өзгеріссіз қалдырылғаны туралы хабарлайды.
      8. Алдағы кезеңде (бір айдан жарты жылға дейін) басым құқықты іске асырмау туралы шешім қабылданған жағдайда, көрсетілген шешім бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
      9. Басым құқық:
      1) сатып алу лимитіне жеткен жағдайда;
      2) Қағидалардың 5-тармағына сәйкес алдағы кезеңде басым құқықты іске асырмау туралы қабылданған шешім болған кезде іске асырылмайды.
      10. Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген негіздер Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген клиенттерге қатысты, оларға жеткізілген тазартылған алтынды сатып алу көлемдері шегінде қолданылмайды.
      11. Ұлттық Банк Төрағасының не Төраға орынбасарының қолы қойылған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға дайын екендігі туралы растау не басым құқықты іске асырудан бас тарту клиент өтініш білдірген күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде клиентке жеткізіледі.
      12. Тазартылған алтынды сатып алу Ұлттық Банктің клиентпен жасасқан басым құқықты іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптарын айқындайтын шарттың және сатып алынатын тазартылған алтынның нақты лотына ресімделетін сауда тикетінің (мәміле паспортының) негізінде жүзеге асырылады.
      13. Тазартылған алтынға сынақтар жүргізу және тазартылған алтынның сапасы мен саны бойынша шағым-талаптар қою тәртібі басым құқықты іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптарын айқындайтын шартта белгіленеді.
      14. Тазартылған алтынның бағасы мәміле күнінің алдындағы күнгі теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа алынған биржалық бағамына және Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының алтынға арналған таңертеңгі және кешкі фиксингінің бүкіл жеткізілім айындағы орташа мәніне және:
      алтынды халықаралық нарықтарға экспорттау жөніндегі көлік шығыстарынан;
      бид-аск (bid-ask) спредтен тұратын іске асыруға жұмсалатын шығындардан;
      Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына жауап бермейтін тазартылған алтын сатып алынған жағдайда қолданылатын сапа үшін жеңілдіктен тұратын дисконтқа қарай теңгемен айқындалады.
      Дисконт мөлшерлемелерін айқындау мақсаттары үшін бид-аск (bid-ask) спредтен тұратын іске асыруға жұмсалатын шығындар тек Ұлттық Банк Басқармасының шешімі негізінде нөлге тең деп қабылданады.
      Дисконттың алдағы жартыжылдыққа арналған мөлшерлемелерін Ұлттық Банктің Төрағасы бекітеді.
      Бір кезеңде сатып алынатын сапасы бір бүкіл тазартылған алтынға бірыңғай дисконт мөлшерлемесі қолданылады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 12 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об утверждении Правил реализации приоритетного права государства на приобретение аффинированного золота для пополнения активов в драгоценных металлах

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 241. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 октября 2012 года № 7955. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года № 61

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 29.02.2016 № 61 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года «О Национальном Банке Республики Казахстан», в целях определения порядка реализации приоритетного права государства на приобретение аффинированного золота для пополнения активов в драгоценных металлах Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации приоритетного права государства на приобретение аффинированного золота для пополнения активов в драгоценных металлах.
      2. Признать утратившим силу постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года № 121 «Об утверждении Правил реализации приоритетного права государства на приобретение аффинированного золота в виде слитков для пополнения золотовалютных активов Национального Банка Республики Казахстан» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7302, опубликованное 28 декабря 2011 года в газете «Юридическая газета» № 191 (2181).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко

Утверждены         
постановлением Правления  
Национального Банка     
Республики Казахстан    
от 24 августа 2012 года № 241

Правила
реализации приоритетного права государства
на приобретение аффинированного золота для пополнения активов
в драгоценных металлах

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила реализации приоритетного права государства на приобретение аффинированного золота для пополнения активов в драгоценных металлах (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года «О Национальном Банке Республики Казахстан» и определяют порядок реализации Национальным Банком Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) приоритетного права государства на приобретение аффинированного золота для пополнения активов в драгоценных металлах (далее – приоритетное право).
      2. Активы в драгоценных металлах, для пополнения которых приобретается аффинированное золото, являются составной частью золотовалютных активов Национального Банка.

2. Основные понятия, используемые в Правилах

      3. В Правилах используются следующие понятия:
      1) реализация приоритетного права – покупка Национальным Банком аффинированного золота напрямую у клиентов;
      2) бид-аск (bid-ask) спред – разница между ценой приобретения и продажи на международном рынке;
      3) клиенты – субъекты добычи и производства, которые при реализации аффинированного золота в приоритетном порядке предлагают его Национальному Банку;
      4) лимит приобретения – максимально возможный объем покупки Национальным Банком аффинированного золота за определенный период в рамках реализации приоритетного права;
      5) торговый тикет (паспорт сделки) – подписываемый сторонами сделки документ, содержащий все существенные условия и параметры поставки конкретного лота аффинированного золота, согласно заключенному договору об общих условиях купли-продажи аффинированного золота для пополнения активов в драгоценных металлах;
      6) аффинированное золото – драгоценный металл, прошедший стадию очистки и представленный в виде:
      слитков производства государств-участников Таможенного союза, соответствующих установленным требованиям в государствах-участниках Таможенного союза либо международным стандартам качества, принятым Лондонской ассоциацией рынка драгоценных металлов (London bullion market association) и обозначенным в документах данной ассоциации как стандарт «Лондонская качественная поставка» («London good delivery»);
      слитков иностранного производства, изготовленных, клейменных и сертифицированных в соответствии с законодательством страны происхождения либо международными стандартами качества, принятыми Лондонской ассоциацией рынка драгоценных металлов (London bullion market association) и обозначенным в документах данной ассоциации как стандарт «Лондонская качественная поставка» («London good delivery»);
      мерных слитков, пластин, гранул, порошка и других форм, с содержанием химически чистого золота не менее 995 частей на 1000, за исключением изделий, указанных в приложении № 2 к Положению о порядке ввоза на таможенную территорию Таможенного союза и вывоза с таможенной территории Таможенного союза драгоценных металлов, драгоценных камней и сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, утвержденному Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 16 августа 2012 года № 134 «О нормативных правовых актах в области нетарифного регулирования»;
      7) испытания аффинированного золота – комплекс работ, проводимых с целью установления количественных и качественных характеристик аффинированного золота.
      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 03.02.2014 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Порядок реализации приоритетного права

      4. Клиенты представляют в Национальный Банк графики прогноза производства и продажи аффинированного золота на первое полугодие будущего года – до 1 ноября текущего года, на второе полугодие текущего года – до 1 мая текущего года.
      5. Председатель Национального Банка, основываясь на прогнозе производства и продажи аффинированного золота, состоянии денежного рынка, показателях денежно-кредитной политики и конъюнктуры международных финансовых рынков, утверждает лимит приобретения в рамках реализации приоритетного права на предстоящее полугодие либо принимает решение о нереализации приоритетного права на предстоящий период (от месяца до полугодия).
      6. В рамках утвержденного лимита приобретения Национальный Банк определяет объем аффинированного золота, который будет приобретен в предстоящем полугодии у конкретного клиента, предоставившего график прогноза производства и продажи аффинированного золота. Объемы приобретения доводятся до сведения клиентов на первое полугодие будущего года - до 1 декабря текущего года, на второе полугодие текущего года - до 1 июня текущего года.
      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 03.02.2014 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      7. В случае если ожидаемый объем производства и продажи аффинированного золота превысит объем производства и продажи аффинированного золота, доведенный до Национального Банка в соответствии с пунктом 4 Правил, клиенты дополнительно представляют в Национальный Банк измененные графики прогноза производства и продажи аффинированного золота.
      В течение 10 (десяти) рабочих дней со дня получения измененного графика прогноза производства и продажи аффинированного золота Национальный Банк доводит до клиента соответственно измененный объем приобретения аффинированного золота или сообщает об оставлении без изменений ранее доведенного до клиента объема приобретения аффинированного золота.
      8. В случае принятия решения о нереализации приоритетного права на предстоящий период (от месяца до полугодия), указанное решение публикуется в течение пяти рабочих дней на официальном интернет-ресурсе Национального Банка.
      9. Приоритетное право не реализуется:
      1) в случае достижения лимита приобретения;
      2) при наличии принятого решения о нереализации приоритетного права на предстоящий период согласно пункту 5 Правил.
      10. Основания, предусмотренные в пункте 9 Правил, не применяются в отношении клиентов, указанных в пунктах 6 и 7 Правил, в пределах доведенных до них объемов приобретения аффинированного золота.
      11. Подтверждение о готовности закупки аффинированного золота для пополнения активов в драгоценных металлах либо отказ от реализации приоритетного права за подписью Председателя либо Заместителя Председателя Национального Банка доводится до клиента в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня обращения клиента.
      12. Покупка аффинированного золота осуществляется на основе заключенного Национальным Банком с клиентом договора, определяющего общие условия купли-продажи аффинированного золота в рамках реализации приоритетного права, и торгового тикета (паспорта сделки), оформляемого на конкретный лот приобретаемого аффинированного золота.
      13. Порядок проведения испытаний аффинированного золота и предъявления претензий по качеству и количеству аффинированного золота устанавливается договором, определяющим общие условия купли-продажи аффинированного золота в рамках реализации приоритетного права.
      14. Цена аффинированного золота определяется в тенге исходя из средневзвешенного биржевого курса тенге к доллару США на дату, предшествующую дате сделки, и среднего значения утреннего и вечернего фиксинга на золото Лондонской ассоциации рынка драгоценных металлов, усредненного на весь месяц поставки, и дисконта, включающего:
      транспортные расходы по экспорту золота на международные рынки;
      затраты на реализацию, включающие бид-аск (bid-ask) спред;
      скидка за качество, которая применяется в случае приобретения аффинированного золота, не отвечающего международным стандартам качества, принятым Лондонской ассоциацией рынка драгоценных металлов и обозначенным в документах данной ассоциации как стандарт «Лондонская качественная поставка» («London good delivery»).
      Для целей определения ставок дисконта затраты на реализацию, включающие бид-аск (bid-ask) спред, принимаются равными нулю только на основании решения Правления Национального Банка.
      Ставки дисконта на предстоящее полугодие утверждаются Председателем Национального Банка.
      Ко всему аффинированному золоту одного качества, приобретаемому в одном периоде, применяется единая ставка дисконта.
      Сноска. Пункт 14 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 03.02.2014 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).