«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрiнiң 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 2729 тіркелген) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының капитаны туралы ережесінде:
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 шiлдедегi № 780 қаулысымен бекітілген Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидаларына сәйкес авариялық жағдайларды тергеу;».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң Су көлігі департаменті (Б.А. Жансүгіров) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр А. Жұмағалиев