Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы N 55-І бұйрығы. Қазақстан Рспубликасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2729.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Бұйырамын:

      1. Қоса беріліп отырған Теңіз портының капитаны туралы ереже бекітілсін.

      2. Су көлігі департаменті (А.Б.Асатов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Теңіз және өзен (салалық) сауда портының капитаны туралы уақытша ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1998 жылғы 10 шілдедегі N 146 бұйрығының (1998 жылғы 3 тамызда N 560 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі Ю.И.Лавриненкоға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Министр



  "Теңіз портының капитаны туралы
ережені бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2004 жылғы 10 ақпандағы
N 55-І бұйрығымен
бекітілген

Теңіз портының капитаны туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Теңіз портының капитаны туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Теңіз портының капитаны порттың теңіз әкімшілігін (бұдан әрі - ПТӘ) басқарады және өз қызметін Заңға, осы Ережеге, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ заңнамаға сәйкес уәкілетті органның міндетті болып табылатын нұсқауларына сәйкес жүзеге асырады.

      3. Теңіз порты капитанының өкімі портта орналасқан барлық кемелер, заңды және жеке тұлғалар үшін, олардың ведомстволық тиістілігіне, бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, міндетті.

      4. Порттың капитаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Теңіз портының капитаны лауазымына кеме жүргізу мамандығы бойынша жоғары білімі (кеме жүргізушінің дипломы) және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Теңіз портының капитанында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бар теңіз порты капитанының мөрі, сондай-ақ жалаушасы болады.

2-тарау. Теңіз порты капитанының қызмет саласы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Теңіз портының капитанына ПТӘ-нің мынадай қызметтерінің:

      1) кеменің шығу әзірлігін және теңізде жүзуге жарамды жай-күйде теңізге шығуға рұқсат беруді тексерудің;

      2) кемелердің портқа келуін және олардың порттан шығуын белгіленген тәртіппен ресімдеудің;

      3) кеме құжаттарын, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамның тұлғаларына атақ беру дипломдарын, біліктілік куәліктерін, дипломдарының растаулары мен жеңілдікті рұқсаттарды тексерудің;

      4) кеменің порттан шығуына рұқсат беруге кедергі болатын кемшіліктерді жоюды тексеру мақсатында кемені бақылап тексеруді жүргізудің;

      5) кемелерді Мемлекеттік кеме тізіліміне кеме кітабына, бербоут-чартерлік тізілімге және жасалып жатқан кемелер тізіліміне енгізу және кеме құжаттарын берудің;

      6) кемелерге және жасалып жатқан кемелерге, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің кепіліне меншік құқығын және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттік тіркеу және кеме құжаттарын берудің;

      7) "Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 147 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10709 болып тіркелген) Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес авариялық жағдайларды тергеу;

      8) Заңның 45-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру ережесіне сәйкес кемелерді міндетті лоцмандық алып өтуді белгілеу және лоцмандық қызмет жұмысын бақылаудың;

      9) "Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 361 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10896 болып тіркелген) кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидалардың талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырудың;

      10) порт кіреберістерінде және оның айдыны шегінде кемелердің мұз жарып жол ашуын бақылаудың;

      11) порт айдынында, кіреберіс каналдарда және фарватерлерде тиісті тереңдікті, навигациялық қоршау құралдары жарамдылығының сақталуын бақылау, сондай-ақ портта кемелердің өту қайраңдығын белгілеудің;

      12) портта орналасқан кемелерді порт айдыны шегінде апатқа ұшыраған адамдар мен кемелерді құтқаруға қатысу үшін тартудың;

      13) порт құрылыстарының техникалық жай-күйін және оларды пайдалануды бақылаудың;

      14) кемелердің порт капитанының иелігіндегі барлық навигациялық және гидрометеорологиялық ақпаратты алуы және олармен қамтамасыз етілуінің;

      15) теңізге батқан мүлікті көтеруге, сондай-ақ порт айдыны мен аумағы шегінде құрылыстық, гидротехникалық және өзге де жұмыстарды жүргізуге рұқсаттар берудің;

      16) "Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлікті беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 болып тіркелген) Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлікті беру ережесіне сәйкес мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлікті берудің;

      17) радиолокациялық алып өту басталғанға дейін радиолокациялық алып өту тәртібін келісуді;

      18) Кемелер жүрісін басқару жүйесінің әрекет ету аймақтарындағы кемелер жүрісіне (аймаққа кіру, зәкірге қою, зәкірден алу, айлақтың кіреберісіне келу және арқандап байлау және одан кету, қайта арқандап байлау және тағы басқалар) рұқсат берудің орындалуын қамтамасыз ету жүктеледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.09.2016 № 675 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Теңіз портының капитаны:

      1) кеменің теңіз портынан шығуына мына жағдайларда:

      кеменің сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі жағдайында;

      тиеуге, жабдықтауға, экипаж жасақтауға қойылған талаптар бұзылғанда немесе кеменің жүзу қауіпсіздігіне, кемедегі адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін басқа да кемшіліктер, сондай-ақ теңіз ортасына залал келтіру қауіпі болғанда;

      кеме құжаттарына қойылатын талаптар бұзылғанда;

      тиісті мемлекеттік органдардың (кеден, шекара органдарының, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық және басқа да органдардың) нұсқамасы болғанда;

      теңіз порты көрсеткен міндетті қызметтер үшін ақы төленбегенде рұқсат беруден бас тартады;

      2) кеме құжаттары болмағанда немесе кеме теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарына сай емес деген жеткілікті негіз болғанда кемені тексереді;

      3) теңізде жүзу қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы бұзған тұлғаларды жауапқа тарту туралы өтініш береді;

      4) белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдар салады;

      5) ПТӘ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) ПТӘ қызметкерлеріне белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалау және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолданады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 27.09.2013 № 756 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Порт капитаны кәсіби машықтарын қалпында ұстау үшін кемелердің экипажы құрамында рейстерге шығуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады