"Дерекқорды қайта сәйкестендірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 9 қарашадағы № 312 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қарашада № 8109 тіркелді

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 8-бабының 6-тармағына және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Дерекқорды қайта сәйкестендірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6388 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 8-бабының 6-тармағына және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дерекқорды қайта сәйкестендірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану ережесінде:
      3-тармақтың 3)4) тармақшалары алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Дерекқорды (электронды түрде сақталатын ақпараттық дерекқорларды) қайта сәйкестендірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану ғылыми қызмет субъектілерінің (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаны іске асырушы ұйымдар) жазбаша сұрау салуы жағдайында (бұдан әрі - сұрау салу) білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін мемлекеттік лицензияның көшірмесі мен лицензияға қосымшалары қоса берілуімен жүзеге асырылады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Құрылымдық бөлімше сұралатын дерекқорды олардың қалыптасқандығын, нақты барын және қайта сәйкестендіру үшін техникалық мүмкіндігін анықтай отырып ұсыну мүмкіндігін қарастырады. Құрылымдық бөлімше «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпарат-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – ведомствоға бағынысты ұйым) респондетті тікелей немесе жанама белгілеу немесе ол туралы алғашқы статистикалық деректерді анықтау мүмкіндігін қоспағанда, дерекқорды қайта сәйкестендірген күйде қалыптастыру үшін жазбаша сұрау салу жібереді. Ведомствоға бағынысты ұйым респондет туралы сәйкестендірілген ақпаратты (респонденттің тегі, аты, әкесінің аты, заңды тұлғаның атауы, кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші бойынша коды, бизнес-сәйкестендірілген нөмірі және тағы басқа) орнына нөмірлеуді қолдана отырып жояды.»;
      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) субъектінің негізгі іскерлігінің мәні ғылыми және ғылыми-техникалық іскерлік болып табылатындығын растайтын құжаттарды ұсынбау: білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензия мен лицензияға қосымшалардың көшірмелері;».
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті (С.С. Жасұзақов) белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінің ішінде мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің және «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына (Н.С. Айдапкелов) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                        Ә. Смайылов

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 2 июля 2010 года № 168 "Об утверждении Правил предоставления и использования в научных целях баз данных в деидентифицированном виде"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 9 ноября 2012 года № 312. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 ноября 2012 года № 8109

      В соответствии с пунктом 6 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года «О государственной статистике» и пунктом 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 18 февраля 2011 года «О науке», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 2 июля 2010 года № 168 «Об утверждении Правил предоставления и использования в научных целях баз данных в деидентифицированном виде» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6388, опубликованный в газете «Казахстанская правда» 16 ноября 2010 года, № 312 (26373) следующие изменения:
      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:
      «В соответствии с пунктом 6 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года «О государственной статистике» и Закона Республики Казахстан от 18 февраля 2011 года «О науке», ПРИКАЗЫВАЮ
      в Правилах предоставления и использования в научных целях баз данных в деидентифицированном виде, утвержденных указанным приказом:
      подпункты 3)4) пункта 3 исключить;
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Предоставление и использование в научных целях баз данных (информационные базы данных, хранимые в электронном виде) в деидентифицированном виде осуществляется при условии письменного запроса (далее - запрос) субъекта научной (организаций реализующих программу высшего и послевузовского образования) деятельности с приложением копии государственной лицензии и приложений к лицензии на право ведения образовательной деятельности.»;
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. Структурное подразделение рассматривает возможность предоставления запрашиваемых баз данных, определяя их сформированность, наличие и технические возможности для деидентификации. Структурное подразделение направляет письменный запрос в подведомственную организацию Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Информационно-вычислительный центр Агентства Республики Казахстан по статистике» (далее - подведомственная организация) для формирования баз данных в деидентифицированном виде, исключая возможность прямо или косвенно установить респондента или определить первичные статистические данные о нем. Подведомственная организация удаляет идентифицирующую информацию о респонденте (фамилия, имя, отчество респондента, наименование юридического лица, код по общему классификатору предприятий и организаций, бизнес-идентификационный номер и так далее), взамен применив нумерацию.»;
      подпункт 2) пункта 12 изложить в следующей редакции:
      «2) не предоставления документов, подтверждающих, что предметом деятельности субъекта является осуществление научной и научно-технической деятельности: копии государственной лицензии и приложений к лицензии на право ведения образовательной деятельности;».
      2. Департаменту правового и организационного обеспечения (Жасузаков С.С.) Агентства Республики Казахстан по статистике в установленном порядке:
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направить на официальное опубликование в средства массовой информации настоящий приказ в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстана;
      3) обеспечить обязательную публикацию настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по статистике.
      3. Департаменту правового и организационного обеспечения, после опубликования в средствах массовой информации в течении пяти рабочих дней довести настоящий приказ до сведения заинтересованных структурных подразделений и Республиканского государственного предприятия «Информационно-вычислительный центр Агентства Республики Казахстан по статистике».
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Агентства Республики Казахстан по статистике (Айдапкелов Н.С).
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель А.                              Смаилов