"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 597 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 желтоқсанда № 8120 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 135 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2014 № 135 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы   
Iшкi iстер министрiнiң   
2012 жылғы 9 қарашадағы  
№ 597 бұйрығымен бекiтiлген

«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттiк
қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттiк қызмет регламенті (бұдан - әрі регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-бабына, сондай-ақ «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 200 қаулысымен бекітілген «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұтынушы - мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш білдірген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
      2) құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.
      3. Мемлекеттік қызметті стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Астана және Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттері көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі - ІІД КҚПБ) көрсетеді.
      4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 9-бабы 12-тармақшасының;
      2) «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 212223242728-баптарының;
      3) стандарттың негізінде жүзеге асырылады.
      6. Шетелдіктің паспортына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін өзге құжатқа желімдеп жапсырылатын Қазақстан Республикасының толтырылған визасы не болмаса қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттiк қызметтi тұтынушының уақытша болатын немесе тұрақты тұратын жері бойынша көшi-қон полициясы бөлiнiстерi көрсетедi.
      8. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күні, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сондай-ақ сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - IIМ) mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi - IIД) интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде, сондай-ақ көші-қон полициясы бөліністерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стендтерде орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      12. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-әрекеттердің (өзара iс-қимыл жасасу) сипаттамасы

      13. Көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда көші-қон полициясы инспекторының тегі, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
      Көші-қон полициясы бөлінісіне құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі; онда:
      құжаттың нөмірі мен қабылданған күні;
      сұрау салынатын мемлекеттік қызметтің күні;
      құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
      құжаттарды қабылдаған көші-қон полициясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      14. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар жоқ.
      15. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне мынадай ҚФБ - ІІД КҚПБ қызметкері қатысады.
      16. Әрбір әкiмшiлiк iс-әрекеттi орындау мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) ретi мен өзара iс-қимыл жасасуының кестелiк сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.

«Шығу визаларын ұзарту және беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша           

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реті мен өзара iс-қимыл
жасасуының сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. Негiзгi процесс.

Негiзгi процестің iс-әрекетi (жұмыс барысы, ағыны)

1

Iс-әрекеттiң (жұмыс барысы, ағыны) №

1

2

2

ҚФБ атауы

ІІД КҚПБ

ІІД КҚПБ

3

Iс-әрекеттiң (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру

арнай есептер бойынша тексеру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдік шешiм)

мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдағаны туралы талон беру

визаларды ресімдеу немесе визаны ресімдеуден бас тарту

5

Орындау мерзiмi

15 минуттың ішінде

күнтізбелік 5 күн

«Шығу визаларын ұзарту және беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша           

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің
қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың
сызбасы

Об утверждении регламента государственной услуги "Продление и выдача выездных виз"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 ноября 2012 года № 597. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 декабря 2012 года № 8120. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 марта 2014 года № 135

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 03.03.2014 № 135 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан «Об административных процедурах», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемый Регламент государственной услуги «Продление и выдача выездных виз».
      2. Комитету миграционной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в установленном порядке официальное опубликование настоящего приказа;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан Тыныбекова К.С. и Комитет миграционной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Нокин П.К.).
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    К. Касымов

Утвержден         
приказом Министра    
внутренних дел      
Республики Казахстан  
от 9 ноября 2012 года № 597

Регламент
государственной услуги «Продление и выдача выездных виз»

1. Общие положения

      1. Настоящий Регламент государственной услуги «Продление и выдача выездных виз» (далее - регламент) разработан в соответствии со  статьей 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьями 9-115-2 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах», а также в соответствии со Стандартом государственной услуги «Продление и выдача выездных виз» утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2011 года № 200 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Продление и выдача выездных виз» (далее - стандарт).
      2. В настоящем регламенте используется следующее понятия:
      1) потребитель - иностранцы и лица без гражданства, обратившиеся за государственной услугой;
      2) структурно-функциональные единицы (далее - СФЕ) - ответственные лица уполномоченных органов, государственные органы, структурные подразделения государственных органов, информационные системы или подсистемы, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги.
      3. Государственная услуга оказывается управлениями миграционной полиции департаментов внутренних дел городов Астаны, Алматы и областей (далее - УМП ДВД) по адресам, указанным в приложении 1 к стандарту.
      4. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      5. Государственная услуга осуществляется на основании:
      1) подпункта 12 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 22 июля 2011 года «О миграции населения»;
      2) статей 212223242728 Закона Республики Казахстан от 19 июня 1995 года «О правовом положении иностранцев»;
      3) стандарта.
      6. Результатом оказываемой государственной услуги является заполненная виза Республики Казахстан, вклеиваемая в паспорт иностранца, или в иной документ, предоставляющий право на пересечение государственной границы Республики Казахстан, либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги.

2. Требования к оказанию государственной услуги

      7. Государственная услуга оказывается по месту временного пребывания или постоянного проживания потребителя подразделениями миграционной полиции.
      8. Государственная услуга предоставляется пять рабочих дней в неделю с 9.00 до 18,30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30, а также в субботу с 9.00 до 13.00 часов. Прием осуществляется в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
      9. Полная информация о порядке оказания государственной услуги и необходимых документах, а также образцы их заполнения располагаются на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее - МВД): mvd.gov.kz в разделе «О деятельности органов внутренних дел», департаментов внутренних дел областей, городов Астаны, Алматы (далее - ДВД)», а также в официальных источниках информации и на стендах, расположенных в подразделениях миграционной полиции.
      10. Для получения государственной услуги потребитель представляет документы согласно пункту 11 стандарта.
      11. Сроки оказания государственной услуги указаны в пункте 7 стандарта.
      12. В предоставлении государственной услуги отказывается в случаях, предусмотренных пунктом 16 стандарта.

3. Описание действий (взаимодействия)
в процессе оказания государственной услуги

      13. Прием документов в подразделениях миграционной полиции осуществляется посредством «окон», на которых указывается фамилия, имя, отчество и должность инспектора миграционной полиции.
      После сдачи документов в подразделение миграционной полиции потребителю выдается талон по форме согласно приложению 3 к стандарту о приеме соответствующих документов, с указанием:
      номера и даты приема документов;
      вида запрашиваемой государственной услуги;
      даты, времени и места выдачи документов;
      фамилии, имени, отчества сотрудника миграционной полиции, принявшего документы.
      14. Требования к информационной безопасности отсутствуют.
      15. В процессе оказания государственной услуги участвуют следующая СФЕ - сотрудник УМП ДВД.
      16. Текстовое табличное описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) каждой СФЕ с указанием срока выполнения каждого административного действия приведено в приложении 1 к настоящему регламенту.
      17. Схема взаимосвязи между логической последовательностью административных действий в процессе оказания государственной услуги и СФЕ приведена в приложении 2 к настоящему регламенту.

Приложение 1             
к регламенту государственной    
услуги «Продление и выдача     
выездных виз»              

Описание
последовательности и взаимодействие административных действий
(процедур)

Таблица 1. Описание действий СФЕ Основной процесс.

Действия основного процесса (хода, потока работ)

1

№ действия
(хода, потока работ)

1

2

2

Наименование СФЕ

УМП ДВД

УМП ДВД

3

Наименование действия
(процесса, процедуры,
операции) и их описание

прием и
проверка
представленных
документов
потребителем

проверка
по специальным
учетам

4

Форма завершения (данные,
документ,
организационно-
распорядительное решение)

выдача талона
о принятии
документов
на оказание
государственной
услуги

Оформление виз
или отказ в
оформлении виз

5

Сроки исполнения

в течение
15 минут

5 календарных
дней

Приложение 2             
к регламенту государственной    
услуги «Продление и выдача     
выездных виз»              

Схема,
отражающие взаимосвязь между логической
последовательностью  административных действий